Федоров аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 465 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасына баспасөз-релизі

«Мәслихаттың 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 465 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу  туралы» Федоров аудандық мәслихатының шешіміне жобасы  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес әзірленді.

Аталған шешімнің жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі      Е. Аукеновтың 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің         77 жылдығына арналған іс-шараларды өткізу туралы тапсырмасына байланысты өзгеріс енгізу болып табылады.

Жоба ашық нормативтік актілер порталында орналасқан https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14002069, талқылау мерзімі 2022 ж.15.02. -2022 ж. 01.03.

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
15 февраля 2022