Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысы туралы
Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау, олардың мониторингі және ақпараттық технологиялар қызметінің басшысы Г.Б. Умертаеваның «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
- «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:
- ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік қызметтерді көрсетуіне ішкі бақылауды жүзеге асыру, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;
- халыққа мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жауапты мамандардың біліктілігін тұрақты негізде арттыру.
- Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2022 жылғы 1 мамырға қарай ұсынылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның мүшесі С. Шугурмаков