Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Федоров ауданының 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6562172,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 1636442,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 55270,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 8297,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 4862163,2 мың теңге;
2) шығындар – 6632411,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 74400,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 110268,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 35868,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 144639,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 144639,4 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 және 2-қосымшалары осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.