Федоров ауданының Қоғамдық кеңесі өз қызметін бір жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. 2021 жылы Қоғамдық кеңестің 13 отырысы өткізіліп, онда 44 мәселе қаралды, 70 ұсыным қабылданды, 53 ұсыным орындалды, 17 ұсыным орындалуда.
Жұмыс жоспарын құру барысында аудан тұрғындарының пікірлері мен тілектері ескерілді. Мынадай мәселелер қаралды:
«Жайылымдарды бөлу туралы», «Облысты UTC+5 сағаттық географиялық белдеуіне ауыстыру туралы», «Жасыл Ел» еңбек жасағының жұмысы туралы», «Балалардың жазғы демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру туралы», «Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы» және басқа мәселелер бойынша 10 қоғамдық тыңдау өткізілді.
Жыл бойы тұрақты түрде рейдтер, мынадай түрлі мәселелер бойынша мониторингтер жүргізілді:
«Халықтың іс-қимылы шектеулі топтары үшін сауда объектілерінің, мемлекеттік мекемелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету»;
«Білім беру мекемелерінің, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсетуі туралы».
Әрбір отырыста мемлекеттік мекеме басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды. 2021 жылы 10 есеп тыңдалды:
Қоғамдық кеңеске 14 адам өтініш білдірді. Олардың 3-еуі мемлекеттік органдарға орындау үшін жіберілді, 11-і қоғамдық кеңеспен дербес шешілді. Барлық 14-і оң орындалды.
Қоғамдық кеңес мүшелері ауылдық округтерге барып, тұрғындармен түрлі мәселелер бойынша кездесулер өткізді, оның ішінде вакцинация, маскалық режимін сақтау, сумен жабдықтау, жолдарды жөндеу және т.б. туралы.
Отырыстарда қаралатын барлық мәселелер бақылауға алынып, жыл бойы оларға бірнеше рет қайта қаралды.
Аудан тұрғындарының, Ардагерлер кеңесінің, сондай-ақ облыстық спикерлердің қатысуымен кеңейтілген отырыстар өткізілді. Қоғамдық кеңестің жұмысы «Nur Otan» партиясымен, жастар ресурстық орталығымен, Ардагерлер кеңесімен, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен, «Федоровские новости» газетімен тығыз байланыста жүргізілді.
Тұрақты негізде нормативтік құқықтық актілердің жобалары қаралды (49 акт).
Аудан әкімінің сайтінде және әлеуметтік желілерде 12 материал, БАҚ-та 5 материал жарияланды.
Жоғарыда аталған жұмыс Қоғамдық кеңестің әрбір мүшесінің парасаттылығы мен жауапкершілігінің арқасында жүргізілді.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы З. Шашкова