|
|
Тұрақты комиссияның төрайымы Т. И. Анисимованың аудандық мәслихаттың V сессиясында есеп беруі |
2021 жылғы 15 қаңтарда Федоров аудандық мәслихаты жетінші шақырылымының бірінші ұйымдастыру сессиясында 2 тұрақты комиссия құрылды: бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия және әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия.
Аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес тұрақты комиссиялардың төрайымдары жылына кемінде бір рет кезекті сессияларда өздеріне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есеп береді.
Сондықтан 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының есебін ұсынуға рұқсат етіңіздер.
Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады, аудандық мәслихаттың регламенті мен жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істейді.
Ағымдағы жылы екі тұрақты комиссия ауданның атқарушы органдарының уәкілетті лауазымды тұлғаларының және қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен әртүрлі әлеуметтік бағыттағы 9 мәселені қарады.
Тұрақты комиссиялардың отырыстарына дайындық кезінде депутаттар объектілерге баруды практикалайды.
Осылайша, есептік кезеңде депутаттардың жұмыс тобы Пешков ауылдық округінің әлеуметтік саласын және оны одан әрі дамыту перспективаларын зерттеу мақсатында Пешков ауылына барды. Олар дәрігерлік амбулаторияда, балабақшаларда, пошта бөлімшесінде және ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында болды. Сапар барысында ауыл дамуының оң динамикасы атап өтілді. 2022 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Пешков жалпы білім беретін мектебіне күрделі жөндеу жүргізу және ауыліші жолдарын жөндеу жоспарлануда.
Сондай-ақ Костряков ауылдық округінің әлеуметтік саласының жағдайын зерделеу мақсатында депутаттар Костряков ауылындағы жалпы білім беретін мектепке, балабақшаға, мәдениет үйіне, ауылдық кітапханаға және фельдшерлік-акушерлік пунктке барды.
Білім беру мекемелері тиісті құрал-жабдықпен жасақталған, оқытушылар құрамы толық жинақталған, білім беру және сапалы білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
ФАП-та халыққа медициналық көмек көрсету үшін қажеттінің бәрі бар.
Депутаттар мәдениет үйі мен кітапхана орналасқан ғимарат мүгедектердің мұқтаждықтарына бейімделуді және ағымдағы жөндеуді қажет ететінін атап өтті.
Ағымдағы жылдың наурыз айында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» мәселесі қаралды.
«Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.А. Бакитжановтың ақпараты бойынша 2021 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 6 бағыт бойынша 8 жобаны іске асыру жоспарланған.
Жыл қорытындысы бойынша, конкурстық рәсімдерді өткізу барысында 3 жоба (Тіл – Тәуелсіздік тірегі; Мықты жас отбасы; Федоров ауданының тарихы) жабдықтаушылардың жоқтығынан жойылды, ақшалай қаражат қайтарылды.
5 жоба іске асырылды: «Болашақ» ЖҚБ (Спорттық жастар; «Жайдарман» КТК), «Sanaly Urpaq 2050» ҚҚ (Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру; Құпия сатып алушы), «Сарбаз» ЖҚБ (Мәдени мұра).
Ауданда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Тұрақты комиссиялар екі мемлекеттік бағдарламаның: «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» және «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының іске асырылу барысын тыңдады.
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылы енгізілді. Біздің ауданда Жол картасында қарастырылған төрт бағыттың үшеуі бойынша инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды. Бұл жобалар әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту: тұрғын үй құрылысы, газдандыру, білім беру объектілері мен ауыліші жолдарын жөндеу есебінен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия Федоров ауданында Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылданғанын атап өтті.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасын іске асыру шеңберінде бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия: тұрақты негізде құжаттарды дайындауға барынша жәрдем көрсетуді және бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру үшін кәсіпкерлердің жобаларын сүйемелдеуді; халық арасында мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.
Желтоқсан айында әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмысы туралы» мәселені қарады.
Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бүгінгі күні басты міндеттердің бірі болып табылады.
Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «цифрлық Үкімет» қағидатының жаңа сәулетін құру қажеттілігі айтылды. Мемлекеттік сектордың барлық IT-бастамалары тек қайталануды, тиімсіз шығындар мен бюрократияны болдырмайтын жаңа платформаға негізделетін болады, мемлекеттік қызметтердің 100% азаматтарға смартфондардан қолжетімді болады.
Біздің ауданда электрондық үкімет порталы арқылы түрлі қызметтерді алуға сұраныс байқалады (97%).
Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы аудандық мәслихаттың атына Федоров ауданында мемлекеттік аудит жүргізу нәтижелері бойынша ақпаратты жіберді.
Осы аудит бойынша бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.А. Кисықов тыңдалды.
Тексеру комиссиясының ұсынымдары мен тапсырмаларын орындау бойынша қажетті шаралар қабылданды.
Тұрақты комиссиялардың өткізілген отырыстары туралы барлық ақпараттық материалдар аудандық газет беттерінде және Федоров аудандық мәслихатының интернет-ресурсында үнемі жарияланады.
Комиссия мүшелерінің көпшілігі үшін жұмыс жаңа болды, бірақ депутаттар қойылған міндеттерді орындады. Біздің өкілеттіктерімізді жүзеге асыруда мәслихат аппаратының қызметкерлері үлкен қолдау көрсететінін атап өткен жөн.
Қорытындылай келе, сессияға қатысушыларды тұрақты комиссиялар өз қызметінің нысандары мен әдістерін одан әрі жетілдіру және жандандыру жөніндегі жұмысты жалғастыратынына сендіргім келеді.