Депутаттардың есеп беру кездесулерінің қорытындылары

2021 жылғы 6 желтоқсаннан 9 желтоқсанға дейін Федоров аудандық мәслихаты депутаттарының сайлаушылармен есептік кездесулері өтті. Оған 200-ден астам адам қатысты.

 Осы кездесулер барысында халық қалаулылары мәслихаттың  2021 жылғы қызметі туралы хабардар етті.

  Аудан тұрғындарымен жолдарды жөндеу, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуде жарықтандыру бойынша жүргізілген жұмыстар үшін атқарушы органдарға алғыс сөздер айтылды.

Сонымен қатар, сайлаушылар зейнеткерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету, сүт қабылдау құнын арттыру, мектептерді жөндеу және т. б. мәселелерді айтты.

             Кездесу барысында кейбір сұрақтар бойынша жауаптар берілді, басқа сұрақтар бойынша аудандық мәслихат аппараты аудан ұйымдары мен мекемелерінің басшыларына хаттар жолдайтын болады.

                  Депутаттар сайлаушылардың барлық ескертулері мен ұсыныстарын бақылауға алды.

Дата публикации
10 декабря 2021