Федоров ауданында «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасын іске асыру барысы туралы
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы А.Р. Уразбаевтың «Федоров ауданында «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасын іске асыру барысы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
- «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ ұсынылсын:
- тұрақты негізінде «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру үшін кәсіпкерлердің жобаларын қолдауға және құжаттарды дайындауға барынша көмек көрсетілсін;
- тұрғындар арасында мемлекеттік қолдау шаралары туралы (әлеуметтік желілер аккаунттары, жеке қабылдау, БАҚ) түсіндіру жұмыстары өткізілсін;
- Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының Федоров ауданындағы филиалына «Бизнестің Жол картасы 2025» бағдарламаны нәтижелі іске асыру жөнінде мемлекеттік қаржылық сондай-ақ қаржылық емес қолдау үшін бағдарламаның басымды қатысушыларын тарту бөлігінде (сервис, оқыту, қайта оқыту) шаралар қолдануды ұсынылсын.
- Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмысы туралы есебі 2022 жылғы 1 сәуіріне ұсынылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Бюджет, экономика, жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрайымы Т. Анисимова