2021 жылғы 28 қазандағы № 6 қаулы

«Федоров ауданында Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру барысы туралы»

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.Н. Решетникованың «Федоров ауданында Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру барысы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Федоров ауданында 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту Жол картасын іске асыру жөніндегі қажетті шаралар қабылданғаны есептелсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Әлеуметтік даму және заңдылық

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияның төрайымы                                                                    Н. Жупар

 

Дата публикации
28 октября 2021