2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 5 қаулы

Пешков ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы 

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Пешков ауылдық округінің әкімі А.К. Ержановтың «Пешков ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Пешков ауылдық округінің әкіміне:

- округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын және халықтың өмір сапасын арттыру жөніндегі жұмысын тұрақты негізінде жүргізу;

- ауылдық округтің салықтарының толық жиналуын, бюджеттің сапалы орындалуын және жоспарлануын, бюджеттік қаражаттардың және кіріс көздердің пайдалануына саралау мен мониторинг жүргізілуін қамтамасыз ету;

- малшаруашылықты, нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, шағын бизнесті қолдау, округке инвестициялық жобаларды тарту және т.б. жөніндегі жұмысын өткізу;

- жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп округтегі туындайтын мәселелерді шешу жолдарын табу және үнемі бақылауда ұстау, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын қолдау;

- округтің елді мекендеріндегі көшелерді абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылсын.

  1. «Федоров аудандық ауруханасы» КММ дәрігерлік амбулаториясын терапевт-дәрігермен жасақтау жөнінде шара қабылдау ұсынылсын.
  2. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2022 жылғы 1 сәуірге қарай ұсынылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Әлеуметтік даму және заңдылық

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияның төрайымы                                                  Н. Жупар

Дата публикации
13 сентября 2021