2021 жылғы 29 сәуірдегі № 4 қаулы

Федоров ауданы ауылдық округтері және Новошумный ауылы бюджеттерінің

2020 жылы атқарылуы туралы

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Ф. Завощенконың және Федоров ауылдық округінің әкімі В.Г. Воробкалоның ақпараттары мәліметке алынсын.
  2. Ауылдық округтер және Новошумный ауылының әкімдеріне бюджеттік бағдарламаларды уақтылы іске асыруға бағытталған қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
  3. Ауылдық округтер және Новошумный ауылының әкімдеріне Федоров ауданы ауылдық округтері және Новошумный ауылы бюджеттерінің 2020 жылы атқарылуы туралы есептерді қарастыру қорытындылары бойынша әзірленген Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсыныстары мен ұсынымдарын назарға алу ұсынылсын.
  4. «Федоров ауданы ауылдық округтері және Новошумный ауылы бюджеттерінің 2020 жылы атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы» мәселесі Федоров аудандық мәслихатының жетінші шақырылымы ІІІ сессиясының қарауына енгізілсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы                                            Т. Анисимова

Дата публикации
05 мая 2021