2021 жылғы 29 сәуірдегі № 3 қаулы

Федоров ауданы бюджетінің

2020 жылы атқарылуы туралы

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы С.Ф. Завощенконың, «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ басшысы К.К. Муратованың, «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы, әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі Н.А. Решетилоның ақпараттары мәліметке алынсын.
  2. Ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшыларына Қостанай облысы Федоров ауданы аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
  3. Ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшыларына Федоров ауданы бюджетінің 2020 жылы атқарылуы туралы есепті қарастыру қорытындылары бойынша әзірленген Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсыныстары мен ұсынымдарын назарға алу ұсынылсын.
  4. «Федоров ауданы бюджетінің 2020 жылы атқарылуы туралы есепті бекіту туралы» мәселесі Федоров аудандық мәслихатының жетінші шақырылымы ІІІ сессиясының қарауына енгізілсін.
  5. Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Татьяна Ивановна Анисимоваға Федоров аудандық мәслихатының жетінші шақырылымы ІІІ сессиясында аудандық бюджеттің 2020 жылы атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындымен сөз сөйлеу тапсырылсын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы                                            Т. Анисимова

Дата публикации
05 мая 2021