Костряков ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін
орындау туралы есеп беруі туралы
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізу;
- фельдшерлік-акушерлік пункттің медициналық қызметкерлерімен бірлесіп, халық арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
- заңнама талаптарына сәйкес фельдшерлік-акушерлік пунктті мүгедектер мұқтаждарына бейімдеу мәселесін шешу;
- нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселесі бойынша округ халқымен жұмысты жандандыру;
- учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүмысты күшейту;
- жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал ету;
- жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп, округте туындаған мәселелерді тұрақты бақылауда ұстау және оларды шешу жолдарын табу, азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуына қолдау көрсету;
- округтің елді мекендерін абаттандыру, көгалдандыру және көшелерін жарықтандыру бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылсын.
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Т. Анисимова