2021 жылғы 30 наурыздағы № 1 қаулы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.А. Бакитжановтың «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

- тұрақты негізде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру және оның нәтижелерін бағалау;

- бұқаралық ақпарат құралдарында жоспарланған және іске асырылған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар туралы мәліметтерді жарықтандыру;

- аудан аумағында өз қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерге мониторинг жүргізу, оларды жинақтау, жалпылау;

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нысаналы орындалуына бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.

  1. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2021 жылғы 1 тамызға қарай ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссияның төрайымы                                                                    Н. Жупар

Дата публикации
05 апреля 2021