2021 жылдың І-жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

2021 жылдың І-жартыжылдығында

«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ-де

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және аудандық мәслихат хатшысының 2021 жылғы 2 шілдедегі № 26 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде 2021 жылғы 3 шілдеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде аудандық мәслихат аппаратының қызметін және мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-басқару қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізілді.

Мемлекеттік мекеменің қызметін реттейтін заңнаманы зерделеу қорытындысы бойынша өз қалауы бойынша шешім қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін ережелер анықталған жоқ, (ММ ережесіне, аудандық мәслихаттың регламентіне, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау Әдістемесіне талдау жүргізілді).

Аудандық мәслихатымен қабылданатын нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 451 қаулысымен бекітілген Ережелеріне сәйкес ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтеді.

Ай сайын Федоров аудандық мәслихатының нормативтік құқықтық актілердің мониторингі өткізіледі.

Мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-басқару қызметінде ішкі сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға 2021 жылдың І-жартыжылдығында мына бағыттар тартылды:

1) Персоналды басқару, оның ішінде кадр ауысуы:

Аппараттың штат саны 5 бірлікті құрайды, нақты саны 5 бірлік. Есептік кезеңде ауысуы – 0, оның ішінде таза ауысуы – 0.

Біліктілікті  арттырудан 1 маман өтті.

Есептік кезеңде аппарат қызметкерлері тәртіптік жаупкершілікке тартылмады.

Аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен таныстырылды, олар жеке істеріне тігілді.

Жыл сайын барлық мемлекеттік қызметшілер және олардың жұбайлары сыбайлас жемқорлық  заңнамасымен қөзделген қаржылық бақылау шара болып табылатын табыс туралы декларацияларды ұсынды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің мәтіні ақпараттық стендте және Федоров аудандық мәслихатының ресми сайтында орналасқан.

Федоров аудандық мәслихатының азаматтарды қабылдау кестесі және «сенім телефоны» нөмірі ақпараттық стендте және Федоров аудандық мәслихатының ресми сайтында орналасқан.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

2) Мүдделер қақтығысын реттеу:

Аппаратта туыстық байланысы бар мемлекеттік қызметшілер жұмыс істемейді, тиісінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін емес.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету:

«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру:

Аудандық мәслихат аппараты рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

5) Бақылау функцияларын іске асыру:

Аудандық мәслихат аппаратында бақылау функциялары жоқ.

6) Ұйымдастыру-бақылау қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

2021 жылдың І-жартыжылдығында жеке тұлғалардан 1 және заңды тұлғалардан 1 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қаралды, түсініктемелер берілді.

Ай сайын Қостанай облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика мен арнайы есеп жөніндегі Комитетінің басқармасымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша салыстыру жүргізіледі.  

Прокурорлық ден қою актілері келіп түспеді.

Есептік кезеңде мемлекеттік органға қатысты тексеру жүргізілмеді.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын жүзеге  асыру мақсатында «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар Жоспары бекітілді.                       

Бұқаралық ақпарат құралдарына («Федоровские новости» аудандық газетіне, Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына) жүргізілген мониторинг мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар болмағанын көрсетті.

Аудандық мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, аппараттың функционалдық қызметіне жататын заңдарды түсіндіру бойынша құқықтық жаппай білім бер жүргізіледі.

«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалмады.

Федоров аудандық мәслихаты

аппаратының басшысы                                                   Ж. Мурзахметова

 

КЕЛІСІЛДІ

Федоров аудандық

мәслихатының хатшысы

____________ Б. Исенгазин

«___» __________ 2021 жыл

Дата публикации
07 июля 2021