Құрметті азаматтар 2020 жыл

Федоров ауданының Құрметті азаматтары

 

Акулов Мукамбетжан Каржауович

1999 жылы «Қаржау» шаруа қожалығын құрды. 2009 жылы шаруашылық кеңейтілді, тазартылмаған «Лавра» күнбағыс майын шығаратын зауыт салынды. 2012 жылы өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды. Бұл жоба Қазақстанның өңірлік индустрияландыру картасына енгізілді. 2018 жылы қуаттылығы жылына 7000 тонна тазартылған май өндіру зауыты пайдалануға берілді. Жоба Қостанай облысының кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Оның бастамалары іргелес елді мекендерді газдандыруға және сумен жабдықтауға ықпал етеді. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 478 шешімімен берілді.

 

 

 

 

Блок Сергей Иванович

«Новый день» сауда маркасымен сүт өнімдерін өндіретін «Милх» ЖШС және «ПК Вита» ЖШС басшысы. Меценаттар клубы аймақтық кеңесінің мүшесі, «Қазақстанның Сүт одағы» ЗТБ, «Возрождение» КОҰМО ҚБ төрағасы. 2006 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2014 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Димитров атындағы № 1 ОМ цифрлық технологиялар мен робот техникасы кабинетін жабдықтады, заманауи көп функционалды алаңшаны салды. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 478 шешімімен берілді.

 

 

 

 

Жиентаев Сансызбай Мухаметгалиевич

Экономикалық ғылымдардың докторы, профессор. Ғалым ретінде экономиканың аграрлық секторындағы өндірістік қатынастарды зерттеу саласында жұмыс істейді. «Ауыл шаруашылығындағы шаруашылық есеп және ҒТБ», «Қазақстанның ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастарды қалыптастыру» монографияларын жариялап, Қазақстан Республикасында нарықтық экономика тетіктерін енгізу авторларының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. «Қазақстан элитасы» энциклопедиясына енгізілген. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2020 жылғы   8 желтоқсандағы № 478 шешімімен берілді.

 

 

 

Налгиев Алихан Саварбекович

Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, «Федоров ауданының ұлтаралық мәдени орталығы» ҚБ мүшесі, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығын басқарады. «Халықтар достастығы» орденімен марапатталған, «Еңбек ардагері» құрметті атағы бар. Аудан тұрғындары арасында беделге ие, Федоров ауданы әкімдігі жанындағы ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі болып табылады. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 478 шешімімен берілді.

 

 

Дата публикации
22 февраля 2021