Федоров ауданының Құрметті азаматтары
|
Аман Евгений Иосифович 1952 жылы 12 мамырда Федоров ауданының Чистый Чандак ауылында дүниеге келген. 1999 жылдан ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. 2009 жылдың желтоқсанынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы. 2013 жылғы наурыздан Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары. «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1983), «Парасат» орденімен (2004), «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «ҚР Парламентіне 10 жыл» медальдерімен (2006) марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2018 жылғы 15 қазандағы № 282 шешімімен берілді.
|
|
|
|
|
|
Розинов Василий Самойлович 1955 жылы 8 қарашада Федоров ауданының Большое ауылында дүниеге келген. 1999 жылдан «Иволга-Холдинг» ЖШС бас директоры. «Қостанай меценаттар клубы» қоғамдық қорының президенті. Василий Самойлович ауданның елді мекендерін дамытуға зор үлес қосты. Пешков ауылында «Святая Елена» православтар шіркеуін салды. 2001 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2018 жылғы 15 қазандағы № 282 шешімімен берілді.
|
|
|
|
|
|
Тюлегенова Раиса Амиржановна 1967-1970 жылдары Қазақстан КП Федоров ауданының саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі болды. 1974-1979 жылдары Қазақстан КП Федоров ауданының аудандық комитеті хатшысының міндетін атқарды. 1979 жылдан бастап Қостанай облыстық кеңесі төрағасының орынбасары. Қазіргі кезде Челәбі мемлекеттік университеті филиалының директоры қызметін атқарып жатыр. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2018 жылғы 15 қазандағы № 282 шешімімен берілді.
|
|
|
|
|
|
Оспанов Кайрат Бахитжанович 1999 жылдың мамыр айынан бері «Тұрар» ЖШС-не басшылық етеді. Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге көп көңіл бөледі. Камышный Чандак ауылында халықты таза ауыз суымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген сумен жабдықтау жүйесі салынды. Сондай-ақ оқушыларды тасымалдау, мектепті ұстау, қыс маусымында жолдарды және көшелерді тазалау, округтің елді мекендерін жарықтандыру және абаттандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. 2012 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 291 шешімімен берілді.
|
|
|
|
|
|
Шестаков Геннадий Васильевич (1947-2020 ж.ж.) 1988-1996 жылдары № 3 орта мектебінің директоры, 1996-1997 жылдары – Димитров атындағы № 1 орта мектебінің директоры, 1997-2004 жылдары – білім бөлімінің меңгерушісі, 2005 жылдың қаңтарынан бастап 2010 жылға дейін ішкі саясат бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Еңбек демалысына шыққаннан кейін өз бастамасы бойынша «Федоров ауданының ұлтаралық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігін құрды. ҚР Тәуелсіздігінің 10-жылдығына және ҚР Халқы ассамблеясының 20-жылдығына медальдерімен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 291 шешімімен берілді. |