Федоров ауданының Құрметті азаматтары
|
Ахметов Тулебай Нургалиевич (1948-2021 ж.ж.) 1982 жылдан бастап Федоров аудандық атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген, 1988-1989 жылдарда – Федоров аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. Еңбекшілер мен әріптестері ауданда көп жылдар жемісті еңбек еткенін ризашылықпен айтады. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2014 жылғы 23 маусымдағы № 253 шешімімен берілді.
|
||
|
|
|
|
|
Бакай Семён Петрович (1930-2017 ж.ж.) 1974-1977 жылдарда Федоров аудандық атқарушы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген. Ауданда қызмет ету жылдарында мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарды салу және реконструкциялауға, көркем өнерпаздар шығармашылығын дамытуға көп көңіл бөлген. 1974 жылы «Жастар» аудандық мәдениет үйі салынған. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2014 жылғы 23 маусымдағы № 253 шешімімен берілді. |
||
|
|
|
|
|
Бублик Василий Емельянович (1940-2019 ж.ж.) «Беркут» ЖШС бас директоры. Дәнді дақылдардың жоғары сапалы егін, жер өңдеуге жету, жаңа өндіріс технологиялар мен ылғалресурс үнемдейтін техниканы қолдана отырып, жоғары егін жинау көрсеткіштеріне жыл сайын ие болады. Дәнді дақылдардың себу айналымында бірінші сортты дәнді дақылдарын енгізу бойынша үздік болып табылады. Қайырымдылық қызметіне белсене қатысады, жыл сайын Федоров ауылының әлеуметтік саласын дамытуға және абаттандыруға арналған меморандум бекітеді. «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту», «Парасат» ордендерімен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2014 жылғы 23 маусымдағы № 253 шешімімен берілді. |
||
|
|
|
|
|
Иванько Василий Иванович (1946-2020 ж.ж.) 1996 жылдан бастап «Сұлу Жер» ЖШС директоры. Көп жылдардағы еңбегімен Федоров ауданының ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосты. Василий Иванович басқаратын шаруашылық жыл сайын жоғары көрсеткіштерге ие болуда, жер өңдеу мәдениеті, озық технологияларын және жоғары өнімді техникасын қолдана отырып, тұрақты шығымдылықта өнім өндіруде. «Құрмет» орденімен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2014 жылғы 23 маусымдағы № 253 шешімімен берілді. |
||
|
|
|
|
|
Сералинова Салима Мырзабековна Өкілдік органдар құрылған күнінен бастап аудандық мәслихаттың депутаты, 18 жыл бойы мәслихат хатшысы болып қызмет істеді. Жалпы еңбек өтілі – 44 жыл. «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдерімен марапатталған. Құрмет демалысында бола тұра, мектеп жанындағы интернат меңгерушісі лауазымында еңбегін жалғастыруда. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2014 жылғы 23 маусымдағы № 253 шешімімен берілді. |
||
|
|
|
|
|
Середенко Александр Ефимович 1977-1982 жылдарда Федоров аудандық атқарушы комитетінің төрағасы. Көп жылдары атқарған еңбегі үшін «Ленин», «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. Ауданда қызмет еткен жылдарда көп тұрғын үйлер бой көтерген, май өндіру комбинаты, мал шаруашылығы фермалары салынған, дала тұрақтары, жемшөп цехтары салынған. Жеке бастамасы бойынша Федоров ауылында Тұрмыстық қызмет көрсету үйі, ауылдық округтерде тұрмыстық кешендер салынған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2014 жылғы 23 маусымдағы № 253 шешімімен берілді. |
||