Федоров ауданының Құрметті азаматтары
|
Айтленова Варвара Петровна (1923-2014 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, майданға медбике болып аттанды. 1945 жылдың қыркүйегіне дейін № 1156 санитар пойызының құрамында қызмет етті. «Германияны жеңгені үшін», «Маршал Жуковтың» медальдерімен, «Соғыс ардагері» белгісі, 8 мерекелік медальдермен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Андренко Василий Филиппович (1925-2014 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, 1943 жылы әскерге шақырылған. 3 Балтық майданының 65 гвардиялық дивизиясы құрамында соғысқан. Әскери атағы – жауынгер. Ауыр жарақаттан кейін әскерден таратылды. Наградалары мен «Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін» медальдері, «Ұлы Отан соғысында жеңісі үшін» ордені, мерекелік медальдері бар. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Анисько Илья Павлович (1917-2013 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, майданда 2873 артиллериялық полктың құрамында болды. Двинск, Калинин, Идрица қалаларындағы ұрыстарға қатысты. 1943 жылғы 23 шілдеде ауыр жарақат алды, Жеңіс туралы госпитальде естіді. «II дәрежелі Отан соғысы» Ордені, «Қызыл жұлдыз» Ордені және мерекелік медальдермен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Бовкуненко Николай Назарович (1927-2015 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, 1944 жылғы 24 қарашада Қызыл әскер қатарына шақырылған. Яссы, Браило, Фокшаны, Плоеште және Бухарест қалаларын босату ұрыстарына қатысқан. Жарақатталған, 1951 жылы 13 қыркүйекте әскерден таратылды. «II дәрежелі Отан соғысы» Орденімен марапатталған, «Германияны жеңгені үшін» және басқа мерекелік медальдердің иегері, сондай-ақ «Тың жерлерді игергені үшін» медаль алған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Будяк Алексей Иванович (1923-2012 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, 18 жаста әскерге шақырылған. Татарстанда борышын атқарды. 1942 жылдың маусымынан 1944 жылғы шілдеге дейін 758 атқыштар полкі қатарында болды. 1944 жылғы 20 қыркүйекте жарақаттанды, запасқа жіберілді. «Отан соғысы» Орденімен, «Маршал Жуков» Орденімен және мерекелік медальдермен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді.
|
|
|
|
|
|
Варяница Николай Иванович (1924-2021ж.ж.) Соғысқа қатысушы, 9 сынып бітіргеннен кейін Қызыл әскер қатарына шақырылған. Алғашқыда Златоуст қаласында оқуға түскен, содан кейін 245 гвардиялық атқыштар полкіне кірді. Полк барлауында соғысқан. Брянск, 2 Прибалтийск майдандарында соғысқан. 1943 жылы ауыр жарақат алған. Госпитальден кейін жарақат алғанына байланысты 1944 жылы демалысқа бір жылға жіберілген. «Қызыл жұлдыз» Орденімен және мерекелік медальдермен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Геращенко Николай Степанович (1927-2016 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, әскерге 1945 жылдың тамызында шақырылған. Бірінші Қиыр шығыс майданындағы 24473 әскери бөлімшеде борышын өтеген. Жапония соғысына қатысқан. «II дәрежелі Отан соғысы», «Ерлігі үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Маршал Жуков» Ордендері бар. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Дымченко Денис Николаевич (1921-2016 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, әскерге 1940 жылғы 14 қыркүйекте шақырылған. 82 атқыштар дивизиясында атқыш лауазымында әскери қызмет атқарған. 1941 жылдың қаңтарынан 1942 жылдың қаңтарына дейін автомобиль полкінде қызмет етті, содан кейін 127 мотоатқыштар полкінде атқыштар бөлімшенің командирі болған. 1947 жылы әскерден таратылды. «II дәрежелі Отан соғысы», «Жапонияны жеңгені үшін» Ордені, мерекелік медальдері бар. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Замула Иван Порфирьевич (1921-2015 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, Кеңес әскеріне 1940 жылы Харьков қаласына шақырылған, кейін әскери байланыс мектебіне ауыстырылған. Украина мен Молдавияны қорғаған. 1946 жылы запасқа шыққан. «II дәрежелі Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін» Орденімен, мерекелік медальдермен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Клюка Мария Леонтьевна (1923-2013 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, әскерге 1942 жылы шақырылған. 14 әскердің 59 батальоны құрамында жүргізуші болған. Әскери атағы – сержант. Ленинград қаласының азаттығы үшін қатысқан. Болгария, Румыния, Венгрия, Чехословакия елдердегі ұрыстарға қатысқан. Жеңіс күнін Австрияда қарсалды. «II дәрежелі Отан соғысы» Ордені және «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы», «Берлинді алғаны үшін», «Украинаны азат еткені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» Ордені, мерекелік медальдері бар. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Лобач Нина Климентьевна (1923-2023 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, майданға 1942 жылдың сәуірінде Батайск қаласына шақырылған. 1942 жылдан 1945 жылдың 9 мамырына дейін № 8 зениттік-пулемет полкінде зенитші болып қызмет өткерді. Сталинград соғысында Нина Климентьевнаның полкі «Катюша» қаруымен қаланы бомбалаудан қорғады. Одр өзенінде соғысты аяқтады. «Ерлігі үшін», «Үздік пулеметші» Ордені, мерекелік медальдері бар. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Люлюк Николай Васильевич (1927-2019 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, әскерге 1944 жылдың қыркүйегінде шақырылған. Әскери атағы – сержант. Карель майданында артиллериялық-зенит полкінде соғысты, басқару взводы командирінің көмекшісі болды. Соғыстан кейін Заполярьеде Печегинский әскери-теңіз базасында қызметін жалғастырды. 1951 жылы әскерден таратылды. «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы», «Заполярьены азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» Ордендерімен, мерекелік медальдермен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Мартыненко Станислав Кузьмич (1926-2019 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, әскери атағы – жауынгер. 1943 жылға дейін оккупацияда болды. 1944 жылы қарашада әскерге шақырылды. 3 Украин майданының 53 гвардиялық артбригадасы 17 артиллерия полкі 1 дивизионы 4 батареясында байланысшы-радист болған. 1945 жылы екінші Украин майданында соғысқан, уақыт өткен соң Украин ЮГВ жіберілген. 1946 жылы 22 қазанда әскерден таратылды. «Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «КСРО Қарулы күштеріне 50 жыл», «КСРО Қарулы күштеріне 60 жыл», «КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл», «Маршал Жуков» Ордендерімен, «Соғыс ардагері» белгісімен, мерекелік медальдермен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Могиленко Андрей Иванович (1921-2017 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, Кеңес әскеріне 1939 жылы Мәскеу қаласына шақырылған. Зениттік артиллериялық дивизионда борышын өтеген. 6 ай өткеннен кейін Ярослав облысының Переславл-Залецк қаласындағы училищесіне жіберілген. Оқудан кейін одан әрі әскери қызмет атқару үшін 13 авиадивизияның 214 автополкіне жіберілген, жылдам бомбалаушы самолетінің екінші пилоты болып соғысқан. Ұрыста самолет оққа ұшырады, сауығып кеткен соң әскерден оралған. Әскери атағы – кіші лейтенант. «II дәрежелі Отан соғысы» Орденімен және мерекелік медальдермен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Носенко Авраам Андреевич (1926-2014 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, әскерге 1944 жылдың тамызында шақырылған, оқудан өткен соң 1945 жылғы 15 наурызда Шығыс майданға жіберілген. Жапония соғысына қатысқан. 1950 жылы тамызында әскерден таратылды. «Жапонияны жеңгені үшін» медалі, мерекелік медальдері бар. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Нурушев Дильдабек Сансызбаевич Соғысқа қатысушы, 1944 жылы Шұбаркөл Орал әскери округіне сарбаз болып қабылданды. Атқыштар батальонында қызмет етті, полктің атауы – Ворошилов атқышы. 1945 жылдың сәуірінде екінші белорус полкіне түсті, содан Штекель қаласында соғысты. Одр өзеніндегі ұрыстарға қатысты. Жеңісті Кенексберг қаласында қарсы алды. «II дәрежелі Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін» Орденімен, «Маршал Жуков», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдерімен, мерекелік медальдермен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Родин Петр Степанович (1927-2014 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, 1945 жылы 14 ақпанда әскери ант қабылдады. 1945 жылдың 9 тамызынан 3 қыркүйекке дейін Жапониямен соғысқан. 1951 жылғы мамырда әскерден таратылды. «Жапонияны жеңгені үшін», «Кореяны азат еткені үшін» медальдері және мерекелік медальдері бар. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Рудницкий Иван Степанович (1923-2017 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, 1944 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақырылғаннан бастап майданға жіберілген. Әскери атағы – жауынгер. 3 Украин майдандағы полк құрамында Украинада, Румынияда, Венгрияда соғысқан. 1944 жылы екі жарақат алған. «II дәрежелі Отан соғысы» Ордені, «Ерлігі үшін» 2 медалі, «Маршал Жуков» медалі, мерекелік медальдері бар. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Сергунцов Павел Григорьевич (1923-2013 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, әскерге 1942 жылы Омск қаласының запастағы полкіне шақырылған. Кейін Ленинград майданының миномет бөлімшесіне жіберілген. Сол жылы тұтқынға түскен. Эстонияның концлагерінде болып, Германияның Барт қаласына жібергенде соғыстың аяқталғанын естіген. Босатылғаннан кейін ерекше бөлімде тексеруден өтіп тағы әскерге жіберілген, 5 жыл Челябі құрылыс батальонында қызмет еткен. Мерекелік медальдермен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Синявский Николай Петрович (1924-2017 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, 1942 жылдың мамырында Отанды қорғау үшін әскерге шақырылған, содан флотқа жіберілген. Теңіз флоты мектебінде Севастополь қаласында оқып, аға матрос атағын алды. Оқудан кейін танктерге қарсы ротасы БТР Краснознаменный 386 жеке жаяу әскер батальонына жіберілді. Содан кейін Румынияның су күзетінде су айдындарын минадан босату жұмыстарына қатысты. Соғыстан кейін «Краснознаменный тральщик мин» деген кемеде қызмет етті, 1950 жылдың ақпанында әскерден таратылды. «Қызыл жұлдыз», «II дәрежелі Отан соғысы” Ордендері, 10 мерекелік медалі, «Құрмет белгісі» Ордені, «Тың жерлерді игергені үшін» медалі бар. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Степанов Степан Егорович (1926-2012 жж.) Соғысқа қатысушы, 1944 жылдың сәуірінде өз еркімен майданға кетті, бірінші Украин майданының 34 минометтік бригадасы құрамында, 24 серпіліс дивизиясында соғысқан. Польша, Болгария, Румыния, Чехословакия, Венгрияны азат еткен. Әскерден 1950 жылдың сәуірінде таратылған. «II дәрежелі Отан соғысы» Орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен, «Маршал Жуков» медалімен және мерекелік медальдермен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Тангаев Николай Андреевич (1924-2013 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, 1942 жылы 15 тамызда Алматы қаласының Фрунзе АӘК Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Майданда миналарды ату бөлімшесін басқарды. 1944 жылдың мамырынан бастап танк полкінде 85 мм қару бөлімшесінің командирі болды. 1945 жылдың наурызынан бастап артиллериялық полкінің 88 мм қару бөлімшесінің командирі. «II дәрежелі Отан соғысы» Ордені, «Германияны жеңгені үшін» медалі, «Маршал Жуков» медалі, «Ерлігі үшін», «Минскті қорғағаны үшін» медальдері, мерекелік медальдері бар. Еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» Орденімен, «Ерлік еңбегі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдерімен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Таран Иван Павлович (1926-2012 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, 1943 жылы майданға кетті. Әскери атағы – сержант. 174 гвардиялық атқыштар полкінің құрамында соғысты. Николаев қаласын азат етуге қатысты, содан кейін Бірінші Белорусь майданының құрамында Белоруссия мен Польшаны азат етті. Берлинді басып алуға қатысты. «Қызыл жұлдыз» Ордені, «Даңқ» Ордені, «Ерлігі үшін» медалі, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі және мерекелік медальдері бар. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Федоренко Пелагея Ивановна (1925-2013ж.ж.) Соғысқа қатысушы, 1943 жылы әскерге шақырылған, әскери атағы – ефрейтор. Бірінші Белорусь майданының 33 әскері 95 атқыштар полкі 57 артиллериялық полк, 4 батареясы – телефонист, радист-микрофоншы болған. «Ерлігі үшін» 2 Ордені және мерекелік медальдері бар. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Хорольский Петр Григорьевич (1923-2018 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, 1942 жылы мамыр айында әскерге шақырылды, 1214 атқыштар полкінде пулеметші болған. 1943 жылы ақпан айында ауыр жарақаттанды. 1945 жылы 25 қарашада запасқа шығарылды. «II дәрежелі Отан соғысы» Орденімен, «КСРО Қарулы күштеріне 50 жыл», «Маршал Жуков» «Жеңістің 60-жылдығы» медальдерімен марапатталған. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |
|
|
|
|
|
Черняков Николай Иванович (1926-2013ж.ж.) Соғысқа қатысушы, әскерге 1943 жылы қарашада шақырылды. Тюмен облысының полк мектебіне жіберілді. Мектепті бітіргеннен кейін ефрейтор атағын алды, осы атақпен 3 Белорусь майданына жетті. Танкіге қарсы артиллерияда соғысты, нысанашы содан кейін қару командирі болды. Польша, Литва, Латвия, Рига, Кенигсберг ұрыстарына қатысты. 1945 жылы 23 қарашада үйіне оралды. «Германияны жеңгені үшін» медалі, «IІI дәрежелі Даңқ» Ордені, «I дәрежелі Отан соғысы» Ордені, «Кенигсбергті алғаны үшін» медалі, мерекелік медальдері бар. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 34 шешімімен берілді. |