Федоров ауданының Құрметті азаматы
|
Кундыбаев Чайке Костуович (1926-2014 ж.ж.) Соғысқа қатысушы, ішкі істері органдарының ардагері, отставкадағы полиция полковнигі. 1944 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылды. Оқудан кейін майданға жіберілген, екінші Белорус майданының 303 атқыштар полкының құрамында неміс-фашистер әскерлерімен соғысқан. Ұлы Отан соғысында қатысқаны үшін, ерлігі мен батылдығы үшін «II дәрежелі Отан соғысы» Ордені және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Соғыстан кейін Қостанай облысының милиция органдарына кірді. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2011 жылғы 26 қазандағы № 499 шешімімен берілді. |