Федоров ауданының Құрметті азаматы
|
Финк Виктор Вильгельмович (1947-2014 ж.ж.) Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, жоғары білікті хирург. 1972 жылдан бастап Федоров аудандық орталық ауруханасында дәрігер-хирург болып жұмыс атқарды, 1998 жылы бас дәрігер болып тағайындалды. «Ерен еңбегі үшін» медалі – мемлекеттік наградамен марапатталған. Қостанай облыстық мәслихатының үш шақырылымының депутаты, аудандық мәслихаттың төртінші шақырылымының депутаты болып сайланған. 2013 жылғы қаңтардан бастап аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағы мәслихаттың 2010 жылғы 26 тамыздағы № 350 шешімімен берілді. |