Федоров ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны
одан әрі дамыту перспективалары туралы
Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Федоров ауылдық округінің әкімі Б.А. Бакитжановтың «Федоров ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» ақпараты назарға алынсын.
2. Федоров ауылдық округінің әкіміне ұсынылсын:
- салықтарды толық және уақтылы жинауды, ауылдық округ бюджетін сапалы жоспарлауды және оның орындалуын қамтамасыз етсін;
- ауылдық округ тұрғындарын мал шаруашылығын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға, жұмыс орындарын құруға және т.б. бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тарту бойынша жұмысты жүргізсін;
- жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп, округте туындайтын мәселелерді тұрақты бақылауда ұстап, оларды шешу жолдарын қарастырсын;
- халықпен кездесулердің, жергілікті қоғамдастық жиындары мен жиналыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шешімдердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етсін;
- елді мекендерді абаттандыру, аумақтардың санитариялық жағдайы мен күтіп-ұсталуын бақылау, қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою және қоғамдық аумақтарды күтіп-ұстау жұмыстарын жалғастырсын;
- ауылдық округтің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмысты жалғастырып, балаларға, жастарға, қарт азаматтарға және мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлсін.
3. Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат 2027 жылғы 1 маусымға дейін ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Е. Запорожану