Сессияны Федоров аудандық мәслихаты төрағасының өкілеттіктерін уақытша жүзеге асырушы Артем Сергеевич Резник ашады және жүргізеді.
А.С. Резник
Қайырлы күн құрметті депутаттар және шақырылғандар!
Бүгін аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы он бесінші сессиясының отырысы өткізілуде. Сессия Федоров аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес шақырылды.
Сессияға 8 депутат қатысып отыр, қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тәуба Қайыржанұлы Исабаев қатысып отыр. Сондай-ақ сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарының басшылары, Қоғамдық кеңестің мүшелері,қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Құрметті депутаттар, бізге ХV сессияның күн тәртібін бекіту қажет.
Сессия күн тәртібінің жобасы Сіздерге таратылды.
Күн тәртібінде 3 мәселелер.
1. Федоров ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі туралы».
2. Мәслихаттың 2011 жылғы 28 ақпандағы № 435 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 406 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Басқа ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Егер басқа ұсыныстар болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ХV сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Мәселелерді қарауға көшпес бұрын депутаттар сессияның барлық материалдарын алдын ала электрондық форматта алғанын және олармен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік алғанын атап өткім келеді.
Регламент бойынша: мәселелерді қарауға қажеттілік бойынша уақыт бөлуді ұсынамын.
Бірінші мәселе бойынша «Федоров ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі туралы» сөз Федоров ауданының әкімі Тауба Каиржанович Исабаевқа беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).
/Т.К. Исабаевтың сөзі/
А.С. Резник
Тауба Каиржановичке сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.
Сөз аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Алексей Мерекеевич Байназаровқа беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).
/А.М. Байназаровтың сөзі/
А.С. Резник
Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Құрметті депутаттар! Бізге осы есеп бойынша шешім қабылдау керек. Мынадай шешім жобасын ұсынамын:
«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына, Федоров аудандық мәслихаты регламентінің 4-бөлімі 33-тармағына сәйкес Федоров ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруін тыңдап шығып, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаевтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебі бекітілсін.
2. Аудан әкіміне:
- жыл қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштерінің оң серпінін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу;
- жыл қорытындысы бойынша бюджеттік қаражаттарды уақтылы, тиімді пайдалану жөніндегі шараларды қабылдау;
- жыл қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Аудан әкімінің орынбасарларына, ауылдық округтердің әкімдеріне, мемлекеттік мекемелердің басшыларына:
- жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестицияларды тарту жөніндегі НКИ 100%-дан кем емес қамтамасыз ету;
- мемлекеттік сатып алу, шарттар жасасу және оларды қазынашылық органдарында тіркеу рәсімдерін уақтылы өткізу ұсынылсын. Сондай-ақ өнім берушілер мен мердігерлердің шарттық міндеттемелерді орындауын бақылауда ұстау;
- елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылсын.
4. «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не, ауылдық округтердің әкімдеріне:
- ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындарының өнім шығаруын ерекше бақылауға алу және 2026 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің НКИ 2025 жылдың деңгейінен төмен емес болуын қамтамасыз ету;
- азық дайындаудың белгіленген көлемдерінің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-не:
- құрылыс-монтаж жұмыстарының НКИ 100,1%-дан кем емес қамтамасыз ету;
- 2026 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді 2025 жылдың деңгейінен төмен емес пайдалануға берілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Атқарылған жұмыс туралы есеп 2027 жылғы 1 қаңтарға қарай ұсынылсын.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Құрметті депутаттар, осы жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Егер ескертпелер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Келесі мәселе «Мәслихаттың 2011 жылғы 28 ақпандағы № 435 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
Кадрлық өзгерістерге байланысты ведомствоаралық комиссияның құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:
Қостанай облысы Полиция департаментінің «Федоров ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы - Нашкенов Шарип Бахитович; Федоров ауданы бойынша пробация қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы - Нуртазин Манарбек Салимжанович комиссия мүшелері болып енгізілсін;
2) «Синдагалиев Талгат Сенбаевич – Қостанай облысы Полиция департаментінің Федоров ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы» деген жол келесі редакцияда жазылсын:
Синдагалиев Талгат Сенбаевич - Қостанай облысы Полиция департаментінің «Федоров ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы»;
3) Ж.А. Исин, И.А. Тынынбаева шығарылсын.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
Мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 406 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Кадрлық өзгерістерге байланысты Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын жаңа редакцияда жазу қажет.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 406 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті депутаттар, XV сессия күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деуші депутаттар бар ма? Жоқ.
Сессия жабық деп жарияланады.
Назарларыңыз үшін рақмет.
Федоров аудандық мәслихаты
төрағасының өкілеттіктерін
уақытша жүзеге асырушы А. Резник