Федоров ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының 2026 жылғы 4 қыркүйектегі хаттамасы

Төрағалық етті – С.А. Баймурзина, ҚК төрайымы

Қатысқандар: Н.А. Аслиева, А.А. Ворожеев, Е.А. Запорожану, А.С. Мырзахметова, Б.А. Сапарова, Қ.С. Сейткереева, Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова

Шақырылғандар:

Темирлан Сатанович Дощанов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы

Динара Абдыкаримовна Бектыбаева – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ басшысы

Гульшат Бекболатовна Умертаева – «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметінің басшысы

Күн тәртібі:

  1. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

(ақпарат. Т.С. Дощанов)

  1. Білім беру объектілерінің 2026-2027 оқу жылының басына дайындығы туралы, «Мектепке жол» акциясының нәтижелері.

(ақпарат. Д.А. Бектыбаева)

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссияның жұмысы туралы.

(ақпарат. Қ.С. Сейткереева)

Тыңдалды: Т.С. Дощанов – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлеген: С.А. Баймурзина, Б.А. Умертаев, Н.А. Аслиева

Шешім қабылданды:

  1. Т.С. Дощановтың «ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» ақпараты назарға және орындауға алынсын.
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесінде мынадай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі жұмыс жалғастырылсын:

- негізсіз бас тарту, мерзімдерді бұзу, талаптарды іріктеп қолдану, ашық кезектілік, ЭЦҚ-ны заңсыз қолдану, немқұрайлы ішкі бақылау.

Тыңдалды: Д.А. Бектыбаева – Білім беру объектілерінің 2026-2027 оқу жылының басына дайындығы туралы, «Мектепке жол» акциясының нәтижелері (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлеген: Қ.С. Сейткереева, С.А. Баймурзина, Е.А. Запорожану

Шешім қабылданды:

  1. Д.А. Бектыбаеваның «Білім беру объектілерінің 2026-2027 оқу жылының басына дайындығы туралы, «Мектепке жол» акциясының нәтижелері» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық ұйымдармен, аудан мектептерімен бірлесіп тұрақты түрде мониторингтер жүргізсін, 2 жылдық жоспарға сәйкес Кеңарал жалпы білім беретін мектебін жөндеу жұмыстары 2027 жылы аяқталсын.
  3. Оқушыларды мектептерге, интернаттарға уақтылы тасымалдауға ерекше назар аударылсын.

Тыңдалды: Қ.С. Сейткереева – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссияның жұмысы туралы.

Сөз сөйлеген: Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова, С.А. Баймурзина                      

Шешім қабылданды:

  1. Қ.С. Сейткерееванің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссияның жұмысы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында үнемі білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенін жүргізу ұсынылсын.

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                          С. Баймурзина

Дата публикации
08 сентября 2026