Первомай ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін
орындау туралы есеп беруі туралы
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Первомай ауылдық округінің әкімі М.Л. Турминнің «Первомай ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
- Первомай ауылдық округінің әкіміне ұсынылсын:
- округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізсін;
- округ тұрғындарын мал шаруашылығын дамытуға, шағын бизнесті қолдауға, нәтижелі жұмыспен қамтуға, округке инвестициялық жобаларды тартуға және т. б. бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тарту бойынша жұмыс жүргізсін.;
- жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп округте туындайтын мәселелерді тұрақты бақылауда ұстау және шешу жолдары табылсын, азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын қолдасын;
- ауылдық округті абаттандыру, санитарлық тазарту, көгалдандыру және барлық меншік нысанындағы объектілерді және оларға іргелес аумақтарды тиісті түрге келтіру бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастырсын;
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Первомай жалпы білім беретін мектебін педагогикалық кадрлармен (математика, биология, химия, физика мұғалімі) жасақтау жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
- «Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі», «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі», «Федоров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемелерімен бірлесіп, округ жастарының бос уақытын ұйымдастыру бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастыру ұсынылсын.
- Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін берілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Бюджет, экономика, жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы А. Байназаров