Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2026 жылғы 31 наурыздағы отырыс хаттамасы

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Алексей Мерекеевич Байназаров  төрағалық етеді.

Қайрлы күн құрметті депутаттар мен отырысқа қатысушылар!

Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізілуде.

Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылып, қатысып отыр.

Бүгін күн тәртібінде мынадай мәселе:

Первомай ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі.

А.М. Байназаров

«Первомай ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі» сөз Первомай ауылдық округінің әкімі Максим Леонидович Турминге беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі)

/М.Л. Турминнің сөзі/

А.М. Байназаров

Максим Леонидовичке сұрақтарыңыз бар ма?

А.С. Резник

Максим Леонидович, барлық әлеуметтік маңызы бар нысандар мүгедектігі бар адамдарға бейімделген бе, айтыңызшы? Және екінші сұрақ: Жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

М.Л. Турмин

Барлық әлеуметтік маңызы бар нысандар бейімделген: демалыс орталығы, мектеп, әкімдік. Жалғыз нысан — балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — ағымдағы жылы толық бейімдеу жоспарлануда.

Жастармен жұмысқа келетін болсақ, округте мәдени ұйымдастырушылар белсенді жұмыс істеп, түрлі іс-шаралар өткізеді. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорттық секциялар (волейбол, футбол және т.б.) жұмыс істейді, жастардың қатысуымен тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ауылда жастардан құралған еріктілер қозғалысы бар, оның өкілдері қоғамдық өмірге белсенді қатысады.

Е.А. Запорожану

Мектепті педагогикалық кадрлармен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде ме?

М.Л. Турмин

Иә, мұндай жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Дегенмен, кадр тапшылығы байқалады. Бұл, мүмкін, жылу жүйесінің болмауына байланысты, сондықтан жас мамандар ауылға келуге аса ынталы емес. Сонымен қатар, ауылға су тартылған, санитарлық тораптар бар, сондай-ақ бағдарлама аясында алуға болатын бос тұрғын үйлер қарастырылған. Соған қарамастан, бос жұмыс орындары әлі де бар және олардың саны аз емес.

А.М. Байназаров

Баяндаманызда 2025 жылы жер учаскелерін беру бойынша 5 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өттіңіз. Әкім аппараты тағы қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?

М.Л. Турмин

Барлығы 13 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ең сұранысқа ие қызмет — жер учаскелерін беру қызметі.

А.М. Байназаров

Округте өткізілетін су тасқынына қарсы іс-шаралар?

М.Л. Турмин

Шамамен екі апта бұрын елді мекендегі барлық су өткізу құбырлары ашылды. Сондай-ақ, трассаның тексерісі жүргізілді — мердігер ұйым да құбырларды ашты. Қазіргі таңда Первомайское ауылы маңында су құбырлар арқылы көлге ағып өтуде. Қардың еруі дерлік аяқталды, су деңгейі айтарлықтай төмендеді.

А.М. Байназаров

Тағы сөз сөйлейтін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар! Талқыланған мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз керек, келесі жобаны ұсынамын:

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Первомай ауылдық округінің әкімі М.Л. Турминнің «Первомай ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Первомай ауылдық округінің әкіміне ұсынылсын:

- округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізсін;

- округ тұрғындарын мал шаруашылығын дамытуға, шағын бизнесті қолдауға, нәтижелі жұмыспен қамтуға, округке инвестициялық жобаларды тартуға және т. б. бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тарту бойынша жұмыс жүргізсін.;

- жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп округте туындайтын мәселелерді тұрақты бақылауда ұстау және шешу жолдары табылсын, азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын қолдасын;

- ауылдық округті абаттандыру, санитарлық тазарту, көгалдандыру және барлық меншік нысанындағы объектілерді және оларға іргелес аумақтарды тиісті түрге келтіру бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастырсын;

  1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Первомай жалпы білім беретін мектебін педагогикалық кадрлармен (математика, биология, химия, физика мұғалімі) жасақтау жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
  2. «Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі», «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі», «Федоров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемелерімен бірлесіп, округ жастарының бос уақытын ұйымдастыру бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастыру ұсынылсын.
  3. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін берілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

А.М. Байназаров

Осы қаулы бойынша, ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.

«Первомай ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі» шешім комиссияның хаттамасына қоса беріледі.

А.М. Байназаров

Құрметті отырысқа қатысушылар осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.

Жұмыс үшін барлықтарыңызға рахмет.

Бюджет, экономика, жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясының төрағасы                                           А. Байназаров

Дата публикации
10 апреля 2026