Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ХІV сессиясы отырысының 2026 жылғы 24 сәуірдегі хаттамасы

Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

Б.Е. Исенгазин 

Қайырлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар!

Бүгін аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы он төртінші сессиясының отырысы өткізілуде.

11 депутаттан сессияға 8 қатысып отыр, қалған депутаттар дәлелді себептер бойынша қатыспады. Кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына Федоров ауданы әкімінің орынбасары Карина Қайратқызы Мұратова, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Руслан Сатвалдаұлы Байғабұлов қатысып отыр.

Сессияға мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

ХІV сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер ұсынылады:

  1. Федоров ауданы аудандық бюджетінің 2025 жылы атқарылуы туралы есепті бекіту туралы.
  2. Федоров ауданы ауылы, ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылы атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы.
  3. Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Құрметті депутаттар, сессия күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілді.

Б.Е. Исенгазин

Күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Басқа ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Басқа ұсыныстарыңыз болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ХІV сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Регламент бойынша: қарастырылатын мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт бөлуді, барлық ұйымдастыру мәселелерін ашық дауыс беру арқылы шешуді ұсынамын.

Құрметті сессияға қатысушылар, мәселелерді қарастыруға кіріспес бұрын, депутаттар сессияның барлық материалдарын алдын ала алғанын және олармен толық танысуы мүмкін болғанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселелер аудандық мәслихаттың бюджет, экономика жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында алдын ала қаралды.

Құрметті депутаттар, күн тәртібіндегі «Федоров ауданы аудандық бюджетінің 2025 жылы атқарылуы туралы есепті бекіту туралы» бірінші мәселені қарастыруға көшеміз.

Баяндау үшін сөз Федоров ауданы әкімінің орынбасары Карина Қайратқызы Мұратоваға беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/К.Қ. Мұратованың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Карина Қайратқызына сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Сөз Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Руслан Сатвалдаұлы Байғабұловқа беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/Р.С. Байғабұловтың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Руслан Сатвалдаұлына сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Аудандық бюджеттің 2025 жылғы кіріс бөлігінің атқарылуы бойынша сөз «Федоров ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Тахир Сабыржанұлы Губайдулинге беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/Т.С. Губайдулинің сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Тахир Сабыржанұлына сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Сөз аудандық мәслихаттың бюджет, экономика жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Алексей Мерекеұлы Байназаровқа беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/А.М. Байназаровтың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар! Федоров ауданы аудандық бюджетінің 2025 жылы атқарылуы туралы есепті бекітуді ұсынамын.  

Басқа ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Федоров ауданы аудандық бюджетінің 2025 жылы атқарылуы туралы есепті бекіту туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Сессияның күн тәртібіндегі «Федоров ауданы ауылы, ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылы атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы» екінші мәселе

 бойынша Карина Қайратқызы және Руслан Сатвалдаұлы бізді хабардар етті, сондай-ақ депутаттар онымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында егжей-тегжейлі танысты.

Құрметті депутаттар! Шешім жобасы қолдарыңызда бар.

Ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз, қарсылықтарыңыз бола ма? Жоқ.

Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Федоров ауданы ауылы, ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылы атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе – Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бізге Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу керек.

Б.Е. Исенгазин

Құрметті депутаттар! Шешім жобасы қолдарыңызда бар.

Ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз, қарсылықтарыңыз бола ма? Жоқ.

Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Келесі мәселе – Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес № 11 округтік сайлау комиссиясының мүшесі ретінде Айгуль Алексеевна Серденбаеваны сайлау қажет.

Құрметті депутаттар, шешім жобасы бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бар ма? Жоқ.

Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе – Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Б.Е. Исенгазин

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес, шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлану керек:

№ 791 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Найпак Татьяна Владимировна.

№ 793 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Волкова Светлана Генриховна.

№ 800 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Терещук Анатолий Владимирович.

№ 810 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Искакова Эльмира Алхадыровна.

№ 811 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Кытманова Елена Анатольевна.

№ 817 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Марусич Инна Борисовна.

№ 818 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Боровская Валентина Григорьевна.

№ 823 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Исабаев Бакитжан Исенгалиевич.

№ 826 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Плотникова Татьяна Васильевна.

№ 828 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Магеррамова Вусала Вагифовна.

№ 836 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Фоменко Анастасия Анатольевна.

№ 842 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Камзина Кенжеш Ахатовна;

Суханова Светлана Васильевна.

№ 846 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Сложеникина Ольга Юрьевна.

Б.Е. Исенгазин

Шешім жобасы бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар, Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ХІV сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін дейтін депутаттар бар ма? Жоқ.

Сессия жабық деп жарияланады.

Назарларыңызға рахмет!

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                           Б. Исенгазин

Дата публикации
29 апреля 2026