Федоров аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына баспасөз-релизі

«Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Федоров аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.

Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі О.А. Бектеновтың 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 16-14/Б-65 әлеуметтік көмек түрлерін оңтайландыру бөлігіндегі тапсырмасын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 89-тармағын орындау болып табылады.

Шешім жобасы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне,  Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тармағына сәйкес әзірленді.

Былай айтқанда, шешім жобасының қабылдауы адамдардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау үшін қажет.

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Дата публикации
13 апреля 2026