Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясы отырысының 2026 жылғы 9 сәуірдегі хаттамасы

Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

Б.Е. Исенгазин

Қайырлы күн!

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде.

11 депутаттан сессияға 10 қатысып отыр, қалған депутаттар дәлелді себептер бойынша қатыспады. Кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тәуба Қайыржанұлы Исабаев қатысып отыр.

Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңестің төрайымы, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.

Күн тәртібінде 9 мәселе:

Күн тәртібін бекітуді ұсынамын.

Басқа ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Егер басқа ұсыныстарыңыз болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.

«Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бірінші мәселе бойынша сөз «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Франковна Завощенкоға беріледі (сөзі сессия хаттамасына қоса беріледі).                 

/С.Ф. Завощенконың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Светлана Франковна, күн тәртібіндегі «Федоров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» және «Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 222 «Федоров ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» тағы екі мәселе бойынша сөз сөйлеуіңізді сұраймын (сөзі сессия хаттамасына қоса беріледі).                 

/С.Ф. Завощенконың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар, шешімдердің жобалары қолдарыңызда бар.

Осы жобалар бойынша ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

«Федоров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы»  мәселесі бойынша кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Федоров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

«Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 222 «Федоров ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» мәселесі бойынша кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 222 «Федоров ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Келесі мәселе – Мәслихаттың 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғаммен етене араласуы мәселелері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Кадрлық өзгерістерге байланысты кеңестің құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:

1) кеңестің мүшесі болып енгізілсін: Мухаметжанова Жанар Галиаскаровна – «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;

2) О.Ф. Федорова шығарылсын.

Құрметті депутаттар, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғаммен етене араласуы мәселелері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Күн тәртібінің бесінші мәселесі – Мәслихаттың 2019 жылғы 5 ақпандағы № 312 «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің интеграцияланған моделін енгізу және сапасын мониторингілеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссияның құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:

1) комиссияның мүшелері болып енгізілсін: Синдагалиев Талгат Сенбаевич – жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, Капсултанов Джанибек Серикович – «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар  көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы;

2) С.В. Василенко, Ж.А. Исин шығарылсын.

Б.Е. Исенгазин

Құрметті депутаттар, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2019 жылғы 5 ақпандағы № 312 «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің интеграцияланған моделін енгізу және сапасын мониторингілеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Келесі мәселе – Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 167 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссияның құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:

1) комиссияның мүшелері болып енгізілсін: Мухаметжанова Жанар Галиаскаровна – «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, Куржаева Асия Хасеновна – «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Федоров аудандық филиалының төрайымы;

2) М.Б. Койшыгулов, О.Ф. Федорова шығарылсын.

Құрметті депутаттар, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 167 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Жетінші мәселе – Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69 «1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін растау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссияның құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:

1) комиссияның мүшелері болып енгізілсін: Куржаева Асия Хасеновна – «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Федоров аудандық филиалының төрайымы, Утемисова Шабнам Джаваншир кызы – Федоров аудандық мемлекеттік архивінің  архивисті;

2) Г.Т. Исмухамбетова, М.Б. Койшыгулов шығарылсын.

Б.Е. Исенгазин

Құрметті депутаттар, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69 «1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін растау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Келесі мәселе – Мәслихаттың 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 112 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссияның құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:

1) комиссия төрағасының орынбасары болып енгізілсін: Шмарёва Татьяна Александровна – Федоров ауданы пробация қызметі бөлімінің инспекторы;

2) И.А. Тынынбаева шығарылсын.

Құрметті депутаттар, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 112 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Күн тәртібінің соңғы мәселесі – Мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 406 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссияның құрамын жаңа редакцияда жазу керек.

Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 406 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Сессия жабық деп жарияланады.

Жұмыстарыңыз үшін рақмет.

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                                              Б. Исенгазин                                                       

Дата публикации
22 апреля 2026