Меню

Страницы

Статья

Ескелді ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі конкурстың өткізілетіндігі туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңес туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ бұйрығының 9-10 бабтарына сәйкес, Ескелді ауданының  мәслихаты  Ескелді  ауданының Қоғамдық  кеңесін қалыптастыру жөніндегі  конкурстың өткізілетіндігі  туралы  хабарлайды.

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтарға, Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азамат немесе азаматша  Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

           Конкурсқа қатысу үшін:

      1) кандидатураны жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

      2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

      3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

      4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

      5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.

Ескелді ауаданының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы – 15 адам, оның ішінде: 10 адам коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар және 5 адам мемлекеттік органдар өкілдері.

Құжаттарды беру мерзімі – 2025 жылғы қаңтар айының 20-нан 31 –не дейін.

          Ескелді ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру бойынша кандидатуралар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – «Ескелді ауданының маслихат аппараты»ММ.

 

Дата публикации
20 января 2025
Дата обновления
20 января 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Мақалалар
16 сентября 2026
360° БЕЙНЕШОЛУДЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ӨТУ КЕРЕК?
15 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
Хабарлама
15 сентября 2026
«ОҚИТЫН ҰЛТ» ҰЛТТЫҚ КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫ АЯСЫНДА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы