Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығының 2-тарауының 1-параграфына сәйкес, Ескелді ауданыдық мәслихаты Ескелді ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе Ескелді аудандық мәслихатының электрондық мекен-жайына жібереді(eskeldi_maslihat2010@mail.ru):
1) осы хабарламадағы қосымшаға сәйкес кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
5) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
6) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
7) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Жұмыс тобының сандық құрамы – 15 адам, оның ішінде: 10 адам коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар және 5 адам мемлекеттік органдар өкілдері.
Құжаттарды беру мерзімі – 2025 жылғы қаңтар айының 13-нен 17 –не дейін.
Ескелді ауданыданы Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс тобына кандидатуралар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган –«Ескелді ауданының маслихат аппараты» ММ
Ескелді аудандық мәслихаты
_________________________
_________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
_________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))
Өтініш
Ескелді ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
20___ жылғы «____» Өтініш берушінің қолы ___________