Бүгін аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына және ҚР Президентінің N19 Жарлығына сәйкес, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.
Күн тәртібінде: Ескелді ауданы әкімінің атқарған жұмыстары туралы депутаттардың алдындағы есебі тыңдалды.
Сессияға аудандық мәслихаттың депутаттары, ауыл әкімдері, бөлім басшылары мен мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Аудан әкімінің 2024 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстары жөнінде есебі тыңдалып, "қанагаттаңарлық" деген баға берілді.