Аудандық мәслихат депутаттарының назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабы 3 тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, VІІІ шақырылған Ескелді аудандық мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясы, 2023 жылдың 11 сәуірінде Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі 67 орналасқан аудан әкімдігі ғимаратының кіші мәжіліс залында сағат 11.00-де шақырылады.
Сессия күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1) Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы;
2) Ескелді ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы;
3) Ескелді ауданы мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Ескелді аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 44-266 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4) Ескелді ауданы әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы;
5) Басқа да мәселелер.