GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Мәслихат туралы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
02 октября 2026
Есіл аудандық мәслихатының 53-ші кезектен тыс сессиясы

Ағымдағы жылдың 1 қазанында Есіл аудандық мәслихатында аудан әкімінің орынбасары А.Жүнісовтың, дербес бөлімдер басшыларының қатысуымен депутаттық сағат өтті, оның барысында бюджет бойынша шешімдерге өзгерістер енгізуге қатысты мәселелер талқыланды.

Депутаттық сағат аяқталғаннан кейін аудандық мәслихаттың 53-ші кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінің негізгі мәселесі бойынша «Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-42/2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 8С-43/2 «2026-2028 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары А.Луцкая баяндама жасады.

Сессияның барлық қаралған мәселелері бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

24 сентября 2026
Есіл аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 15.00-де Есіл қаласында сегізінші шақырылған Есіл аудандық мәслихатының кезектен тыс 52 сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.

         Сессияның қарауына сұрақтар енгізіледі:

  1. «Есіл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы.
  2. Есіл аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы.
  3. Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 8С-40/4 «Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 тамыздағы № 8С-37/4 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы және басқалар.

Есіл аудандық мәслихаты

төрайымы                                                                                 А.Әділбаева 

10 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:

- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;

- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;

- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;

- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;

- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;

- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;

- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.

Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.

Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.

«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.

Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.

Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

20 августа 2026
Есіл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Ағымдағы жылғы 19 тамызда Есіл аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы Е. Челюбееваның төраймдығымен өтті.

Отырыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер, оның ішінде Есіл қаласы, Двуречный және Юбилейный ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері қаралды.

Сонымен қатар 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары және алдағы жылыту маусымына дайындық, автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау жайы, халықты жұмыспен қамту бағдарламаларының іске асырылуы, шағын және орта бизнесті, оның ішінде жастар кәсіпкерлігін қолдау шаралары талқыланды.

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, сондай-ақ Есіл ауданындағы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру саласының жай-күйі қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

20 августа 2026
Есіл аудандық мәслихатының 51-ші кезекті сессиясы

Ағымдағы жылғы 19 тамызда  А. Әділбаеваның төрайымдығымен, Есіл ауданы әкімінің орынбасары А. Жүнісовтың қатысуымен аудандық мәслихаттың 51-ші кезекті сессиясы өтті.

Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, Есіл қаласының, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік органдардың, аудандық қызметтердің басшылары, Қоғамдық кеңестің мүшелері шақырылды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе - Есіл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі басқа да мәселелер қаралды.

Сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

20 июля 2026
Есіл аудандық мәслихатының 50-ші кезектен тыс сессиясы

Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Есіл аудандық мәслихатында аудан әкімінің орынбасары А.Жүнісовтың, дербес бөлімдер басшыларының қатысуымен депутаттық сағат өтті, оның барысында бюджет бойынша шешімдерге өзгерістер енгізуге қатысты мәселелер талқыланды.

Депутаттық сағат аяқталғаннан кейін аудандық мәслихаттың 50-ші кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінің негізгі мәселесі бойынша «Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-42/2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №8С-43/2 «2026-2028 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Қ. Даулыбаева баяндама жасады.

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі басқа да мәселелер қаралды.

Сессияның барлық қаралған мәселелері бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

20 июля 2026
Есіл аудандық мәслихатының 49-шы кезектен тыс сессиясы

Ағымдағы жылдың 24 маусымында Есіл аудандық мәслихатында аудан әкімінің орынбасары Е.Сыздықпаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттың 49-шы кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-13/4 «Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы болды. Аталған мәселе бойынша Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі А.Сидлецкая баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.

 

16 июня 2026
Мәслихаттары арасында спорттық жарыстар ұйымдастырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Есіл аудандық мәслихаты Атбасар, Жақсы, Жарқайын және Есіл аудандары мәслихаттары арасында спорттық жарыстар ұйымдастырды.

Іс-шара ауданаралық ынтымақтастықты нығайту, серіктестік қарым-қатынастарды дамыту және мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді.

Қатысушылар командалық бірліктің, белсенділіктің және жоғары нәтижелерге ұмтылыстың жарқын үлгісін көрсетті. Спорттық жарыстар бейресми қарым-қатынас орнатуға, тәжірибе алмасуға және аудандық мәслихаттар ұжымдары арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.

Осындай бастамалар мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға ықпал етеді.

 

 

 

09 июня 2026
Есіл аудандық мәслихатының 48-ші кезектен тыс сессиясы

Бүгін Есіл аудандық мәслихатында аудан әкімінің міндетін атқарушы    А.Жүнісовтің және дербес бөлім басшыларының қатысуымен депутаттық сағат өтті. Депутаттық сағат аяқталғаннан кейін Есіл аудандық мәслихатының 48-ші кезектен тыс сессиясы өткізілді. Сессия барысында депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды.

Күн тәртібіндегі «Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-42/2 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 8С-43/3 «Есіл ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер бойынша Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Қ.Даулыбаева баяндама жасады.

«Есіл ауданы бойынша 2026–2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» мәселе бойынша Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы И.С.Сәдуақасов сөз сөйледі.

Барлық мәселелерді қарау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

03 июня 2026
Есіл аудандық мәслихатының кезекті 47-ші сессиясы

2026 жылғы 2 маусымда А. Әділбаеваның төрайымдығымен Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Жүнісовтың қатысуымен Есіл аудандық мәслихатының кезекті 47-сессиясы өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің, Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуын қарастыру болды. Осы мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары А. Жүнісов баяндама жасады, бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті Ж. Жүнісов ұсынды, ал қаралып отырған мәселе бойынша қорытындыны Т. Әділбаев жария етті.

Сонымен қатар, Есіл ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізілді.

Сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы