Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттерінің орындалуы туралы есепті бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2021 жылғы 13 мамыр                                                                                            № 6/4

 Есіл  қаласы                                                                                              

 

2020 жылғы Есіл қаласының,

Красногорский кентінің,

ауылдардың және ауылдық

округтердің бюджеттерінің

орындалуы туралы есепті

бекіту туралы

 

 

  2020 жылғы Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттерінің орындалуы туралы   уәкілетті орган- «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің есебін тыңдап және талқылап, аудандық мәслихат,  бюджеттік қаржыны тиімді пайдалану бойынша, бюджеттің төртінші деңгейіне көшкен, Есіл қаласының, Красивинский ауылдық округі әкімдері аппараттарының 2020 жылғы аудандық бюджетті   атқару бойынша тиісті жұмыстар жүргізгендігін атап өтті.

2020 жылға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері аудандық мәслихаттың 2019  жылғы 25 желтоқсандағы № 63/2 сессиясының «2020-2022 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімімен бекітілген.

2020 жыл ішінде аудандық мәслихат сессияларында Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттерінің орындалуы бойынша 3  нақтылау жүргізілді. 

Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтері аппараттарының он бес әкімшісі сомасы 321 млн.556,7 мың теңге болатын 68 бюджеттік бағдарламаны іске асырды және жоспарға қарағанда 99,3% - ды құрады.

«Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша:

- көше жарығының электр беру желілеріне және бағдаршам объектілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, көшелерді сыртқы жарықтандыруға сметалық құжаттамалар жасалды, Есіл қаласында сыртқы жарықтандыру желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді;

- Есіл қаласы, Красногорский кенті, Ақсай және Знаменка ауылдары, Двуреченский және Свободный ауылдық округтері бойынша көше жарығының шамдары сатып алынды;

- Ақсай, Московское ауылдарының аумағында жарықтандыру жүйелерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді;

- Заречный, Интернациональный ауылдық округтерінің көшелері жарықтандырылды;

«Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша Свободный ауылдық округінде қаражат стихийялық қоқыс үйінділерін жоюға жіберілді.

 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша:

- абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстар орындалды, көшенің аншлагтары жасалды және орнатылды, Ж. Жабаев көшесіндегі гүлзарға күтім жасалды, Есіл қаласындағы орталық алаңды жайластыру мен абаттандыруға сметалық құжаттама дайындалды;

- Бұзылық ауылдық округінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны абаттандырылды;

- Двуреченый, Зареченый, Қаракөл, Юбилейный ауылдық округтерінде қауіпті емес қалдықтарды шығару ұйымдастырылды;

- Двуреченый, Красивинский ауылдық округтерінде, Московский ауылында қоршаулар мен орындықтар, Московское, Свободное ауылдарында балалар және спорттық жабдықтар орнатылды;

- Орловка ауылында прожекторлар сатып алынды.

«Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша»:

- Есіл қаласында автомобиль жолдарын күтіп ұстау және қызмет көрсету, асфальтбетон жабындарын шұңқырларды жөндеу бойынша жұмыстар орындалды;

- Красногорский кентінде, Ақсай, Калачи, Иглик ауылдарында, Бұзылық, Жаныспай, Красивинский, Свободный, Юбилейный ауылдық округтерінде қысқы кезеңде жолдарды қардан тазалау және ұстау қамтамасыз етілді.

«Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша:

- Жаныспай ауылдық округінде, Сұрған ауылында ұңғымаға арналған терең сорғы сатып алынды;

- Ковыльное ауылында сумен жабдықтау жүйесінің монтажы және іске қосу-жөндеу жұмыстары орындалды;

- Интернациональное ауылында сумен жабдықтау үшін жабдықтарды қайта толтыру, жаңғырту және іске қосу жүргізілді.

Осы бағдарлама бойынша аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Біртал ауылында ұңғыма бұрғыланды, Интернациональный ауылдық округі  2 сорғы сатып алынды.

2020 жылдың басында бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары 8 669,5 мың теңгені құрады, олар Есіл аудандық мәслихаты сессиясының шешімімен бөлініп және мыналарға жіберілді: Красивинский  ауылдық округі аппараты бойынша жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға, жол белгілерін монтаждауға, балалар алаңын жайластыруға, сыртқы жарықтандыруды орнатуға 8 072,5 мың теңге сомасында, Есіл қаласының аппараты бойынша автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына – 597,0 мың теңге.

Жергілікті проблемаларды шешу және жергілікті дамуды жоспарлау барлық ауылдар мен ауылдық округтерде жүргізілді. Жоғарыда аталған бағдарламаларды іске асыру кезінде дебиторлық және кредиторлық берешек, қаржылық бұзушылықтар жоқ.

Сонымен қатар, Есіл аудандық мәслихаты жекелеген бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламаларда көзделген тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілгеніне қарамастан, «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша Двуреченский ауылдық округінде жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс орындалмағандығын атап өтті - 2 млн.225 мың теңге игерілмеді.

«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» бағдарламасы бойынша  есепті кезеңнің соңында Знаменка ауылы, Бұзылық, Жаныспай, Заречный ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары бойынша  кредиторлық берешек – Есіл қаласы әкімінің аппараты бойынша коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша дебиторлық берешек қалыптасты.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 132 бабына,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес, «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің 2020 жылғы Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің  бюджеттерінің орындалуы туралы» есебін негізге ала отырып, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттерінің орындалуы туралы есебі еске алынсын.
  2. Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының қорытындысында көрсетілген ұсынымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттерінің 2020 жылғы атқарылуы туралы жылдық есептерінде

баяндалған көлемде олардың 2020 жылға арналған орындалуы туралы есеп бекітілсін.

  1. 2020 жылғы Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттерінің орындалуы туралы Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытынды-есебі бекітілсін.
  2. Ұсынылсын:

1) аудан  әкімдігіне:

- бюджет қаражатын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бұзғаны үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің жауапкершілігін қарау, бюджет қаражатын басқарудың сапасын арттыру;

2) «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

- бюджеттік бағдарламалардың нәтижелерін жоспарлауға, негіздеуге және қол жеткізуге, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, сондай-ақ тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бақылауды күшейту;

3) Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдеріне:

- бюджет қаражатының мақсатты және тиімді игерілуіне жеке жауапкершілігін арттыру;

- мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіби деңгейін тұрақты негізде арттырып отыру.

  1. Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихат                                        Аудандық мәслихат

сессиясының төрайымы                                 хатшысы

 

                            Л. Клименко                                  С. Ағымбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 мая 2021
Дата обновления
24 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
08 августа 2022
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарларына
Ақпарат
03 февраля 2022
Бүкіләлемдік сайлау күні

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы