Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы есепті бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2021 жылғы 13 мамыр                                                     № 6/3

 Есіл  қаласы                                                                                              

 

2020 жылғы аудан 

бюджетінің орындалуы

туралы есепті бекіту туралы

 

 

Аудандық бюджеттің орындалуы бойынша уәкілетті орган- «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің есебін тыңдап және талқылап, аудандық мәслихат,  бюджеттік қаржыны тиімді пайдалану бойынша, атқарушы органдардың 2020 жылғы аудандық бюджетті   атқару бойынша тиісті жұмыстар жүргізгендігін атап өтті.

Өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі  3 524,5 млн. теңге.

Физикалық көлем индексі – 127,9 %. 

Өндірілген ауыл шаруашылығының   жалпы өнімінің құны 39 207,9 млн. теңгеге немесе өткен 2019 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 104,6 %-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша – 33 057,2 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша – 5 950,5 млн. теңге.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің  физикалық көлемінің индексі 104,6%, оның ішінде  мал шаруашылығы ИФО-сы 102,2%, өсімдік шаруашылығы ИФО-сы 105,1%.

Негізгі капиталдағы инвестиция 9 403,0 млн. теңгені немесе  2019 жылға қарағанда 2,1 есе өсті.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 361,1 млн. теңге немесе 2019 жылға қарағанда 171,9 %.

Тұрғын үй құрылысына инвестиция 663,1 млн. тнңге немесе 2019 жылға қарағанда 2,3 есе өсті.

Жұмыспен қамту саласында тұрақты жұмыс орындарына орналастыру жоспары 655 болса, орналастырылғаны 813 адам, жаңа жұмыс орындарына – 562 адам. Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша жоспар  93 адам болса, орналастырғаны 109 адам. Қысқа мерзімді оқу бойынша мезанизатор мамандығы бойынша оқығандары 18 адам (жоспар 15), «Бастау бизнес» оқуы бойынша жіберілгені 64 адам( жоспар 45). Гаранттар беру бойынша 60 жоба қаржыландырылды (жоспар 60). Ресми тіркелген жұмыссыздар саны 0,5%, жалпы жұмыссыздар 2,7%. Есепте 336 адам тұрады.

Аудан бюджетінің кірістері  100,6%-ға орындалды, жоспар 6 135 723,7 мың теңге, түскені 6 172 183,7 мың теңге. Түзетілген бюджетке салықтық түсімдер 103,6%-ды құрады, салықтық емес түсімдер - 116%. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 103,8%-ға орындалды (жоспар 23 644 мың теңге, нақты – 24 545,4 мың теңге). Трансферттер түсімдері 5 255 396,6 мың теңгені құрады, 100%-ға игерілді.

Ауылдық жерге білім беру және мәдениет мекемелеріне жұмыс істеуге келген 2 маманға бюджеттік кредит берілді. Қаржы активтерін алу 5 875,0  мың теңгені құрады – «САП-01» бүріккіш-дезинфектор алынды.

2020 жылдың басына бюджет қаржысының бос қалдығы 1567,8  мың теңгені құрады және пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған)  нысаналы трансферттерді қайтаруға жіберілді.

2021 жылдың 1 қаңтарына кредиттік берешек 4 775,8  мың теңгеге азайды.

Сонымен қатар, Есіл аудандық мәслихаты, жеке түсімдерді дұрыс жоспарламағандықтан,  мемлекеттік органдар жергілікті бюджеттің кірістерінің негізделіп жоспарлануы мен сапалы орындалуын толық қамтамасыз етпей отыр деп   атап өтті. 

2019 жылмен салыстырғанда меншік кірістері түсімінің  98 077,2  мың теңгеге азайғаны байқалады.

Бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшіліктерінің дебиторлық берешектері көбейді.

Аудан аумағын дамыту бағдарламасының  жекелеген нысаналы индикаторларына қол жеткізе алмауына және 2020 жылға арналған жұмыс жоспарының жеке іс-шараларының орындалмауына байланысты 89%-ға, яғни 36 нысаналы индикатордың 32-сі ғана орындалды.

Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексінің 132 бабына,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің 2020 жылғы Есіл ауданының бюджетінің орындалуы туралы» есебін негізге ала отырып, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «2020 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы» есебі еске алынсын.
  2. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындыда көрсеткен ұсыныстарын ескере отырып, 2020 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы есеп қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 6 172 183,7 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша  - 849 247,2 мың теңге,

салықтық емес түсімдер бойынша -  42 994,5 теңге,

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша  - 24 545,4мың теңге,

трансферттер түсімдері бойынша -5 255 396,6 мың теңге;

2) шығындар  - 6 565 024,7теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу (-593,6) - мың теңге, оның ішінде:

         бюджеттiк кредиттер­ 3 976,0 мың теңге;

         бюджеттік кредиттер­ді өтеу – 4 569,6 мың теңге;

4) қаржы  активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 5 875,0мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін алу  - 5 875,0мың теңге,

5) бюджет тапшылығы (профицит) (-398 122,5) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын  қаржыландыру (профицитті пайдалану)   - 398 122,5 мың теңге.

  1. 2020 жылғы Есіл ауданы бюджетінің орындалуы туралы Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытынды-есебі (жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды) бекітілсін.
  2. Ұсынылсын:

1) аудан әкімдігіне:

- әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға үздік және тиімді қол жеткізудің қажеттігінен туындайтын, тікелей және соңғы нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған, бюджетті әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету;

- Есіл ауданы аумағын  дамыту бағдарламасының жоспарланған нысаналы индикаторларына және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша ауданның мемлекеттік органдары жұмыстарының тиімділілігін көтеру;

2) «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

- бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру бойынша бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бақылауды күшейту;

- Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, Есіл ауданының аумағын дамыту бағдарламасына объективті және сапалы мониторинг жүргізу;

3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне:

- бюджет қаражатының мақсатты және тиімді игерілуіне жеке жауапкершілікті арттыру, нысаналы трансферттердің сапалы игерілуіне ерекше назар аудару;

- кредиторлық және дебиторлық берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдау;

4) аудандық мәслихатқа; :

- 2021-2026 жылдарға арналған Есіл ауданының аумағын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуына бақылау жасау.

  1. Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Аудандық мәслихат                                        Аудандық мәслихат

сессиясының төрайымы                                 хатшысы

 

                            Л. Клименко                                  С. Ағымбаева

 

 

Дата публикации
24 мая 2021
Дата обновления
24 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
08 августа 2022
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарларына
Ақпарат
03 февраля 2022
Бүкіләлемдік сайлау күні

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы