Меню

Страницы

Статья

Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 81/2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

2021 жылғы 19 сәуір                                                                                              № 5/3

Есіл қаласы               

 

Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 81/2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, 111 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Есіл аудандық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 81/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8307 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4578604,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 673130 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 17144 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 16873 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3871457,8 мың теңге;

2) шығындар – 4515180,7 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – (- 60823) мың теңге, оның ішінде:

         бюджеттiк кредиттер – 4375 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 65198 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 72934 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 72934 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 51313,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – (- 51313,1) мың теңге.»;

10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«10. 2021 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 2000 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 5, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрайымы,

аудандық мәслихат хатшысы                                                   С. Ағымбаева

 

 

 

«КЕЛICIЛДI»

 

Есіл ауданының әкімдігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 мая 2021
Дата обновления
24 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
08 августа 2022
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарларына
Ақпарат
03 февраля 2022
Бүкіләлемдік сайлау күні

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы