Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2020 жылғы 24 желтоқсан № 81/6
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының
2021 жылға арналған жұмыс
жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Есіл аудандық мәслихатының регламентіне сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аудандық мәслихаттың 2021 жылға арналған қоса беріліп отырған жұмыс жоспары бекітілсін.
- Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының бұдан бұрын 2019 жылғы 24 желтоқсанда қабылдаған № 62/4 «Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» шешімі жойылсын.
- Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарында көзделген шаралардың орындалуын бақылау, аудандық мәслихаттың аппарат басшысына жүктелсін.
- Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихат Аудандық
сессиясының төрағасы мәслихат хатшысы
Л. Репутацкий С. Ағымбаева
Есіл аудандық мәслихатының
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 81/6 шешімімен
бекітілді
Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған
ЖОСПАРЫ
Аудандық мәслихат сессияларында:
1 – тоқсан
- «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
- 2020 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы
- 2021-2022 жылдарға арналған Есіл ауданында жылу маусымына дайындық жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы
3 – тоқсан
- Есіл ауданы әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерін орындауы туралы есебі
4 – тоқсан
- 2022 - 2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
- Алғашқы медико-санитарлық көмекке қол жетімділікті және медициналық қызмет көрсетудің сапасын көтеру, халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
4 – тоқсан
- 2022-2024 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы