Меню

Страницы

Статья

Есіл ауданының қоғамдық кеңесінің жұмысы және алдағы уақытқа арналған тапсырмалары туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 

2020 жылғы 24 желтоқсан                                               № 81/3

 Есіл  қаласы                                                                                              

 

Есіл ауданының қоғамдық

кеңесінің жұмысы

және алдағы уақытқа арналған

тапсырмалары туралы

 

Есіл ауданының қоғамдық кеңесінің төрайымы Қ.Т. Әбдуахитованың «Есіл ауданының қоғамдық кеңесінің жұмысы және алдағы уақытқа арналған тапсырмалары туралы» тыңдап және талқылай келе, кеңестің ауданның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған бірқатар жұмыстар атқарып жатқандығын атап өтті.

Есіл ауданының қоғамдық кеңесінің құрамында 12 адам бар. Гендерлік құрамы:  ер адам-7, әйелдер-5. Сапалық құрамы: мемлекеттік орган өкілдері – 1, ҮЕО – 1, кәсіподақ – 1, мәслихат депутаттары – 1, бизнес-құрылым өкілдері – 1, бюджет саласының өкілдері – 4, өзге санаттар – 3. Жастық құрамы: 18-29 жас – 3 адам, 30-59 жас – 6 адам, 60-тан асқандар – 3 адам.

2020 жыл ішінде жоспарға сәйкес 15 Қоғамдық кеңес отырысы өтіп, онда онда мынадай өзекті мәселелер қаралды:  Есіл ауданында  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы, 2019 жылғы әйелдер ісі және демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы,  Есіл ауданының сәулет және қала құрылысы қызметіндегі басымдық бағыттары,  «Атаулы регистр» АЖ толтыру, аудан аумағында жер ресурстарын тиімді пайдалану бойынша жер қатынастары бөлімінің жұмысы туралы, жиын-терін науқаны және ақық дайындауды өткізу барысы туралы және басқалар.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қаралып, мынадай мемлекеттік мекемелердің жұмыстарына талдау жасалды: Есіл қ. әкімінің аппараты, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, білім беру, дене тәрбиесі және спорт, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі, жер қатынастары бөлімі, құрылыс, сәулер және қала құрылысы бөлімі.

Оның сыртында, көркейту, қызметтік этика нормаларын қоса алғанда, мемлекеттік органдардың жұмыстарын жетілдіру мәселелері бойынша  жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды, 2019 жылға арналған аудан және Есіл қаласының, Красивинский ауылдық округінің бюджеттерінің орындалуы туралы  жылдық есептері талқыланды.   Есіл ауданы әкімінің ауданды 2019 жылы   әлеуметтік-экономикалық дамытуы және 2020 жылға арналған тапсырмалары туралы есебі» тыңдалды. 

Жоғарыда баяндалғандарды негізге ала отырып, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Есіл ауданының Қоғамдық кеңесіне (Әбдуахитова Қ.Т.) ұсынылсын:
  • Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар  басшыларының есептерін тыңдау тәжірибесін, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдар жұмыстарының қорытындыларын тыңдауды жалғастыру;
  • қоғамдық бақылу, аудан халқына арналған әлеуметтік-маңызы бар мәселелерді қарау кезінде қоғамдық тыңдаулар жұмыстарын белсендіру;
  • ұсыныстарды орындау бойынша басшыларды тыңдап, тиісті ақпараттарды ұсынумен Қоғамдық кеңес берген ұсыныстарға талдау жасау;
  • Қоғамдық кеңес жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде электронды түрде (аудандық мәслихат сайтында) насихаттау.
  1. Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихат                                              Аудандық

сессиясының төрағасы                                          мәслихат  хатшысы 

 

Л. Репутацкий                                               С. Ағымбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 декабря 2020
Дата обновления
25 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
08 августа 2022
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарларына
Ақпарат
03 февраля 2022
Бүкіләлемдік сайлау күні

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы