Меню

Страницы

Статья

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2020 жылғы  24 желтоқсан                                               № 81/1

 Есіл  қаласы                                                                                              

 

Аудандық мәслихаттың

кезекті сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты                  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

          Сессияның келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
  2. Есіл ауданының қоғамдық кеңесінің жұмысы және алдағы уақытқа арналған тапсырмалары туралы
  3. 2021 жылға арналған Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы
  4. 2021-2025 жылдарға арналған Ақмола облысы Есіл ауданы аумағын дамыту бағдарламасын бекіту туралы
  5. 2021 жылға арналған Есіл аудандық мәслихатының жұмыс жоспарын бекіту туралы
  6. 2020 жылға арналған аппараттың құрылымы мен штатын, аудандық мәслихат қызметін қамтамасыз етуге, оның аппаратын ұстауға арналған шығындарды бекіту туралы
  7. Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 70/7 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу тураы
  8. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына енгізілетін негізгі мәселе туралы
  9. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы

 

Аудандық мәслихат                                                        Аудандық

сессиясының төрағасы                                      мәслихат  хатшысы 

Л. Репутацкий                                               С. Ағымбаева

 

Дата публикации
25 декабря 2020
Дата обновления
25 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
08 августа 2022
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарларына
Ақпарат
03 февраля 2022
Бүкіләлемдік сайлау күні

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы