Меню

Страницы

Статья

Есіл ауданында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың барысы туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2021 жылғы 19 наурыз                                                                               № 4/2

 Есіл  қаласы                                                                                              

 

 Есіл ауданында «Еңбек»

нәтижелі жұмыспен қамтуды

және жаппай кәсіпкерлікті

дамытудың 2017-2021 жылдарға

арналған мемлекеттік

бағдарламасын іске

асырудың барысы туралы

  

«Есіл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының «Есіл ауданында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске  асырудың барысы туралы» Е.Е. Тынымбаевтың  ақпаратын тыңдап және талқылай келе, аудандық мәслихат осы бағытта белгілі жұмыстардың атқарылып жатқандығын атап өтті.

Есіл ауданы бойынша халықты жұмыспен қамтуға көмектесудің  Кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында 2020 жылы 1175 адам қамтылды (салыстыру үшін 2019 жылы – 1324 адам, 2018 жылы – 1069 адам, 2017 жылы – 1296 адам). 2021 жылғы арналған жоспар – 922 адам.

Есіл ауданы бойынша инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру барысында Жұмыспен қамту орталығы арқылы: 2017 жылы – 41 адам, 2018  жылы – 31 адам, 2019 жылы –20 адам, 2020 жылы – 122 адам  жұмысқа орналастырылды.

Бірінші бағыт «Кәсіби қайта оқыту» аясында– 2017 жылы – 281 адам, 2018  жылы – 85 адам, 2019 жылы – 160 адам, 2020 жылы – 15адам, 2021 жылға жоспар -15 адам.

Екінші бағыт «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша  кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі нәтижелер мынаны көрсетті:

2018  жылы – 133 адам, 2019 жылы – 185 адам, 2020 жылы – 64 адам, 2021 жылға жоспар -50 адам.

Микрокредиттер қаржыландырылды: 2017 жылы 99,5 млн. теңгеге 19 жоба, 2018 жылы – 187,6 млн. теңгеге 42 жоба, 2019 жылы – 121,8 млн. теңгеге 29 жоба, 2020 жылы – 109,5 млн. теңгеге 26 жоба, 2021 жылға жоспар – 10 жоба.

Үшінші бағыт «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» (әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне және қоғамдық жұмыстарға жіберу) бойынша белгілі көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Жоғарыда баяндалғандарды негізге ала отырып, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын (Тынымбаев Е.Е.):

  • «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылсын;
  • аудан экономикасының маңызды біріктірушісі есебінде азаматтарды кәсіпкерлікке тарту жолымен халықты нәтижелі жұмыспен қамту деңгейін көтеру;
  • жұмыссыздар мен жұмысы бар тұлғалардың жекелеген санаттары үшін халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік кәсіби бағдар беруге көмек көрсету бойынша белсенді шаралар қабылдау;
  • әлеуметтік жұмыс орнына қабылданғандар мен олардың жұмыс берушілерімен бағдарламаға қатысушылардың қызметіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отыру;
  • аудандағы бос жұмыс орындарына жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отыру;
  • ауданның еңбек нарығының талабын ескере отырып, өз жұмысымен айналысатындардың өздігімен мақсатты оқуын жалғастыру;
  • халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру, бұл жерде негізгі мақсаттары мен тапсырмаларын түсіндіру және бағдарламаны жүзеге асыру барысын» Есіл-Инфо» аудандық газетінде, әлеуметтік желілерде жариялап отыру.
  1. Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихат                                                    Аудандық

сессиясының төрайымы                                             мәслихат  хатшысы 

 

Ә. Ерденова                                                   С. Ағымбаева

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 марта 2021
Дата обновления
31 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
08 августа 2022
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарларына
Ақпарат
03 февраля 2022
Бүкіләлемдік сайлау күні

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы