Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2021 жылғы 15 қаңтар № 1/1
Есіл қаласы
Аудандық мәслихат
сессиясының күн
тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Келесі күн тәртібі бекітілсін:
- «Есіл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлаудың қорытындысы туралы» аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы туралы
- Есіл аудандық мәслихатында «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігі Есіл аумақтық филиалының депутаттық фракциясын тіркеу туралы
- Есіл аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы
- Экономика және бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, экология, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөнінде тұрақты комиссия құру туралы
- Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынас, халықтар денсаулығын қорғау, білім және мәдениет мәселелері жөнінде тұрақты комиссия құру туралы
- Есіл аудандық мәслихатының екінші сессиясының төрағасы туралы
Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы Л. Клименко