Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2020 жылғы 2 желтоқсан № 80/2
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 62/2 «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, 111 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5584536 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 752792 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 10566,6 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 23644 мың теңге;
трансферттер түсімі – 4797533,4 мың теңге;
2) шығындар – 6007883,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – (- 40,1) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттiк кредиттер – 3976 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 4016,1 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 5875 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 5875 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 429182,1) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 429182,1 мың теңге.»;
8 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«8. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджетке 4016,1 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттерді өтеу көзделгені ескерiлсiн, оның ішінде: жергiлiктi атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу – 4016,1 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
Л. Репутацкий С. Ағымбаева
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімдігі