Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2020 жылғы 26 қазан № 78/2
Есіл қаласы
2020 жылға арналған Есіл ауданының
ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кент,
ауылдық округтер әкімдері аппараттарының
мемлекеттік қызметшілеріне көтерме
жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе
салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
|
|
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
Л. Репутацкий С. Ағымбаева
«КЕЛICIЛДI»
Есіл ауданының әкімдігі