Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2020 жылғы 26 қазан № 78/1
Есіл қаласы
Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сессияның келесі күн тәртібі бекітілсін:
- 2020 жылға арналған Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы
- Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 43/4 «Есіл ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Аудандық мәслихат Аудандық
сессиясының төрағасы мәслихат хатшысы
Л. Репутацкий С. Ағымбаева