Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2020 жылғы 14 қыркүйек № 75/2
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 62/2 «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, 111 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5458764,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 800767 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 13676,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 22559 мың теңге;
трансферттер түсімі - 4621762 мың теңге;
2) шығындар – 5882111,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 234 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттiк кредиттер - 3976 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3742 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 5875 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 5875 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - (- 429456,2) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 429456,2 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
Л. Репутацкий С. Ағымбаева
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімдігі