Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2020 жылғы 20 тамыз № 74/3
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының
2019 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 60/3 «2020-2024 жылдарға арналған
Есіл қаласын дамытудың Кешенді
жоспарын бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2020-2024 жылдарға арналған Есіл қаласын дамытудың және құрылысының Кешенді жоспарын бекіту туралы»
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
А. Жорабек С. Ағымбаева