Меню

Страницы

Статья

Есіл ауданы әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерін орындауы туралы есебі

 Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

2020 жылғы 20 тамыз                                № 74/2

 Есіл  қаласы                                                                                              

 

 

 

Есіл ауданы әкімінің өзіне жүктелген

қызметтері мен міндеттерін орындауы

туралы есебі  

 

 

Аудан әкімі Балжанов Серік Мырзасейітұлының есебін тыңдап және талқылай келе, аудандық мәслихат, аудан әкімінің және ауданның атқарушы органдарының қызметтерінің экономикалық тұрақтылық пен халықтың игілігіне бағытталғандығын атап өтті.

Өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1714,2  млн. теңгені  құрады.  Өндірілген өнеркәсіп өнімінің  индексі өткен жылға қарағанда 153,3 % -ды құрады.

Өндірілген жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің  құны 2459,0 млн. теңге немесе 2019 жылға қарағанда 113,9 %.

  Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің  физикалық индексі   102,2 %-ды құрады. Негізгі капиталға инвестиция 3298,6  млн. теңгені немесе 2019 жылға қарағанда 176,6 %-ды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 481,8 млн. теңгені немесе 2019 жылға қарағанда 74,4 %-ды құрады. Тұрғын үй құрылысына инвестици 399,8  млн. теңгені немесе 2019 жылға қарағанда 4,1 есеге өсті. 3343 ш.м. тұрғын үй салынды немесе 2019 жылға қарағанда 3,2 есеге өсті.

2020 жылдың 1 шілдесіне салықтар түсімі 1142,7 млн. теңгені құрады немесе 1028,7  млн. теңге жоспарға қарағанда 111,1 %-ға орындалды. Өсу қарқыны 105,4 %. Республикалық бюджет – 86,9 %,  399,7  млн. теңге жоспарға қарағанда 347,3 млн. теңге түсті, ОБ – 147,0 %,  238,4 млн. теңге жоспарға қарағанда 350,4 млн. теңге түсті, аудандық бюджет -113,9 % 390,7  млн. теңге жоспарға қарағанда 445,0 млн. теңге түсті.

1.07.2020 жылға бөлшек тауар айналымы 2135,4  млн. теңгені құрады, физикалық көлем индексі 91,9 %-ды құрады.

Ауданда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда – бірінші бағыт бойынша – қысқа мерзімді оқуға механизатор мамандығы бойынша 9 адам жіберілді (жоспар 15).  Екінші бағыт бойынша: «Бастау бизнес» бойынша оқуға  25 адам жіберілді (жоспар 45), үшінші бағыт – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша:

  • әлеуметтік жұмыс орнына 18 адам жіберілді (жоспар-12 адам);
  • жастар тәжірибесіне 16 адам жіберілді (жоспар-43 адам);
  • қоғамдық жұмысқа 159 адам жіберілді (жоспар-163 адам).

01.07.2020 жылға ресми тіркелген жұмыссыздардың деңгейі 1,6 %-ды құрайды, жалпы жұмыссыздық 2,4 %. Есепте 231 жұмыссыз тұр.

Инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Аудандық бюджеттен Ақсай ауылындағы сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жасауға ЖСҚ түзетуге  2,0 млн. теңге, Свободный ауылындағы сумен қамтамасыз ету жүйесінің ЖСҚ-мен МС әзірлеуге  12,0  млн. теңге бөлінді. Есіл қаласының жол-көше желілерінің орташа жөндеуіне жоғары тұрған бюджеттен  35,0 млн. теңге бөлінді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына және

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы  «Мәслихат алдында әкімдер есебін жүргізу туралы» Жарлығына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудан әкімі С.М. Балжановтың өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерін орындау туралы есебі мақұлдансын.
  2. Мемлекеттік бағдарламаларды және экономиканың негізгі салаларының өсуін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың атқарған жұмыстары атап өтілсін.
  3. Есіл қаласының, ауылдардың, ауылдық округтердің, Красногорск кентінің әкімдеріне, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшыларына ұсынылсын:

-   Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауы аясында мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;

- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері мен индикаторларын сақтап және жақсартып отыру;

- нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының үш бағытының жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету, еңбекке жарамды халықты барынша жұмыспен қамту, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру;

- азық-түлік тауарларына және алғашқы қажетті тауарларға бағаны өсіруге жол бермеу  жөнінде тиісті шараоар қабылдау;

- халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарына (жалғыз басты зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға) көмек көрсету жөнінде жұмыс жүргізу; 

- ауданның инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жақсарту, әлеуметтік нысандардың (№ 1, № 2 орта мектептер, орталық кітапхана жүйесі) жоспарланған жөндеулерін,  Есіл қаласының жол-көше жөндеуін  сапалы және мерзімінде аяқтау;

  1. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Аудандық мәслихат                                        Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                   хатшысы

                   

                         А. Жорабек                                        С. Ағымбаева

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 декабря 2020
Дата обновления
29 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
08 августа 2022
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарларына
Ақпарат
03 февраля 2022
Бүкіләлемдік сайлау күні

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы