Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2020 жылғы 1 шілде № 73/1
Есіл қаласы
Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сессияның келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Есіл қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
- Есіл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 36/13 «Есіл ауданының Есіл қаласы және ауылдық елді мекендеріндегі жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Есіл ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігін басқару схемасын бекіту туралы
- Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 52/9 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық- құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 5/15 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 48/3 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жөніндегі консультативтік кеңес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/9 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 68/5 «Діни экстремизм және терроризмге қарсы аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
А. Жорабек С. Ағымбаева