Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2020 жылғы 17 маусым № 72/2
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 62/2 «2020-2022 жылдарға
арналған аудандық бюджет туралы
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, 111 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 5553160,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 800767 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 13676 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 22559 мың теңге;
трансферттер түсімі - 4716158,3 мың теңге;
2) шығындар - 5976909,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 234 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттiк кредиттер - 3976 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3742 мың теңге
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 5875 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 5875 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - (- 429858,4) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 429858,4 мың теңге.
көрсетілген шешімнің 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
А. Жорабек С. Ағымбаева
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімдігі