Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2020 жылғы 6 мамыр № 70/3
Есіл қаласы
2019 жылғы Есіл қаласы,
Красивинский ауылдық
округінің бюджеттерінің
орындалуы туралы есепті
бекіту туралы
2019 жылғы Есіл қаласының, Красивинский ауылдық округінің бюджеттерінің орындалуы бойынша уәкілетті орган- «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің есебін тыңдап және талқылап, аудандық мәслихат, бюджеттік қаржыны тиімді пайдалану бойынша, бюджеттің төртінші деңгейіне көшкен, Есіл қаласының, Красивинский ауылдық округі әкімдері аппараттарының 2019 жылғы аудандық бюджетті атқару бойынша тиісті жұмыстар жүргізгендігін атап өтті.
2018 жылға арналған Есіл қаласының, Красивинский ауылдық округінің бюджеттері аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 23/2 сессиясының «2018-2020 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красивинский ауылдық округінің бюджеттері туралы» шешімімен бекітілген.
2019 жыл ішінде аудандық мәслихат сессияларында Есіл қаласы бойынша бюджеттің орындалуы бойынша 2 нақтылау жүргізілді.
2019 жылғы бюджеттің кіріс бөлімінің орындалуы 107,3%-ды құрады
Кірістердің жылдық сомасы – 79765,0 мың теңге, аудандық мәслихат сессиясының шешімдерімен түзетулер енгізілген бюджет – 110148,2 мың теңге.
Салықтық түсімдер бойынша жоспар 68811,0 мың теңге болса нақты түскені 77822,9 мың теңге, орындалуы 111,5%. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 189,0 мың теңге болса, нақты түскені 249,1 мың теңге, орындалуы 131,8% .
Республикалық бюджеттен 2117,4 мың теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, облыстық бюджеттен- 300,0 мың теңге, аудандық бюджеттен – 37730,8 мың теңге алынды.
Шығыстардың орындалуы 117777,4 мың теңгені құрады және түзету енгізілген бюджетке қарағанда 100%, оның ішінде жоғары бюджеттен бөлінген трансферттер толық игерілді.
Ағымдағы нысаналы трансферттер Интернационалист-жауынгерлердің ескерткішінің алаңын , Ж. Жабаев көшесіндегі скверлерді, Жеңіс көшесі бойындағы балалар алаңдарын, жаяу жүргіншілер жолдарын көркейту мен салуға және т.б. жұмсалды.
Есіл қаласы бойынша бос қалдықтар Пушкин к. 6 үйдегі балалар алаңының жөндеуіне, жарамсыз боп қалған жарықтандыру шамдарының орнына және Есіл қаласының көшелеріне қосымша жарық беруге светодиодты шамдар алуға, халық санағына дайындық аясында көше аншлагтарын жөндеуге, Есіл қаласындағы жердегі жаяу жүргіншілер көпірін салу мен көркейтуге, сырттан бейне бақылаудың 4 жүйесін алуға және басқаларға жіберілді.
2019 жыл ішінде аудандық мәслихат сессияларында Красивинский ауылдық округі бойынша бюджеттің орындалуы жөнінде 2 нақтылау жүргізілді.
Красивинский ауылдық округі бойынша түзету енгізілген бюджет 21680,0 мың теңгені, оның ішінде меншік кірістері бойынша 3800,0 мың теңгені құрады. 2019 жылғы кірістердің орындалуы 102%-ды құрады.
Салықтық түсімдер бойынша жоспар 3200,0 мың теңге болса нақты түскені 3756,8 мың теңге, салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 600,0 мың теңге болса нақты түскені 639,3 мың теңге.
Трансферттер түсімдері 17880,0 мың теңге, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер – 3316,0 мың теңге, субвенция – 14564,0 мың теңге, толық көлемде игерілді.
Красивинский ауылдық округінің шығындары мынаны құрады: бекітілген бюджет – 18364,0 мың теңге, нақтыланған бюджет – 22619,0 мың теңге, түзету енгізілген бюджет – 22460,0 мың теңге. Шығынның орындалуы – 22459,1 мың теңге немесе түзету енгізілген бюджетке 100%.
Красивинский ауылдық округінің 780,0 мың теңге бос қалдықтарын пайдалану ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз етуге арналған қызметтерге (547,5 мың теңге) және елді мекенді көркейту мен көгалдандыруға (232,5 мың теңге) жіберілді.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 132 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің 2019 жылғы Есіл қаласы, Красивинский ауылдық округінің бюджеттерінің орындалуы туралы» есебін негізге ала отырып, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер 110148,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша 69811 мың теңге,
салықтық емес түсімдер бойынша 189,0 теңге,
трансферттер түсімдері бойынша 40148,2 мың теңге;
2) шығындар 117777,9 мың теңге;
1) кірістер 21680,0 теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша 3200мың теңге,
салықтық емес түсімдер бойынша 600,0 теңге,
трансферттер түсімдері бойынша 17880,0 мың теңге;
2) шығындар 22460,0 мың теңге;
- бюджеттік бағдарламалардың жоспарлануына және орындалу нәтижелеріне қол жеткізуге, сонымен қатар бюджет қаржыларын тиімді пайдалануға бақылауды күшейту;
- бюджет қаржысын жоспарлау және сапалы орындау кезінде ҚР бюджеттік және басқа да заңнамаларының талаптарын орындау.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
А. Жорабек С. Ағымбаева